Астана қаласы әкімдігі, Әдістемелік орталықтың бастамасымен «Адал азамат – біртұтас тәрбие» негізінде Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына орай «Отбасы хрестоматиясы» аясында жарық көрген «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабын оқуды қолға алдық.
Бұл бастама – жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға баулу, рухани санасын қалыптастыру және тарихи тұлғалардың еңбегін терең түсінуге бағытталған маңызды қадам.
Сондай-ақ, оқушыларға қолдау көрсету мақсатында ALQA Academy тарапынан кітап 1 ай мерзімге тегін таратылып, білімге деген қызығушылықты арттыруға үлкен мүмкіндік жасалды.
Осындай игі істер арқылы оқушылардың кітап оқуға деген ынтасы артып, рухани дамуына жол ашылуда.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау