Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются по обратной связи (тикет)

Хабарландыру

Мектептің мекен-Жайы

Нұр-Сұлтан қаласы Мәңгілік Ел 22/1  

Жүргізу бағыттары

ҰБТ




                     ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ - 2022

   «Ұлттық бірыңғай тестілеу – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны»
(ҚР «Білім туралы» Заңы 1 б., 56 т.)
   Баршамызға белгілі қазіргі күні қаңтар айындағы ҰБТ- ге тіркелу жүріп жатыр. Қаңтар айындағы ҰБТ-ға тіркелу жалпы 24.12-05.01.22 аралығында ашылған болатын, еліміздегі жағдайға байланысты және талапкерлердің мүдделерін ескере отырып тіркелу мерзімі ұзартылды, яғни 21.01.22 дейін тіркелу ашық. Және де барлық аймақ бойынша 21-22 ақпан күндеріне қосымша тіркелу күндері ашылды.
   Сондай-ақ ҰБТ-ны өткізу мерзімі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығынан 25 қаңтар мен 22 ақпанға ауыстырылды.
2022 жылы ҰБТ форматында қандай өзгерістер болады деп күтілуде?
1) Тестілеу "бір тестіленуші – бір компьютер – екі камера" қағидаты бойынша өткізіледі (бұған дейін бір камера). Оқуға түсушінің жұмыс орнында негізгі камерадан басқа, тестіленушінің дыбысын жазу және қозғалысын тіркеу үшін қосымша алдыңғы веб-камера орнатылады.
2) Тестілеу кезінде электр қуаты ажыратылған жағдайда немесе тестілеу жазбасы жүргізілмейтін басқа да форс-мажорлық жағдайларда, тестілеуді тоқтата тұру және ауыстыру туралы акт жасалады;
3) Мүгедек балалар және мүгедектерге (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) тестілеуге қосымша 40 минут уақыт беріледі. Яғни, олар ҰБТ - ны басқаларға қарағанда ұзағырақ - 4 сағат 40 минут ішінде тапсыра алады. Сонымен қатар тапсырмалардың мазмұнына да өзгерістер енгізіледі (сызбаларсыз, диаграммаларсыз тест нұсқалары).
4) Қазақстан тарихы пәні тест тапсырмаларының құрамына контекст мәндегі тест тапсырмалар енгізілді (2021 жылы олар тек бейіндік пәндерде болды);
5) Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына түсушілер үшін тестілеу ұзақтығы өзгертілді, тестілеу уақыты - 70 минут (бұрын 65 минут);
6) Тестілеудің бейнебақылау жазбаларын және іс-қимыл журналын (логтарды) тексеру күнтізбелік жылдың соңына дейін жүзеге асырылады.

   Тестілеуге қатысу өз қалауымен. Тестілеу құны- 5640 тг. Әр тестілеуге қатысам деушілер өтініштерді ҰТО сайтындағы https://app.testcenter.kz/ жеке кабинет арқылы онлайн режимде береді. Тестіленушілер тестілеу күнін және орынын өздері таңдайды. Барлық мәліметтер өтініш берушінің жеке кабинетінде (Менің іс-әрекетім) қолжетімді болады. Сондықтан тіркелу барысында көрсетілген почтаңыз яғни логин мен құпия сөзіңізді сақтап қоюларыңыз сұралады. Бұл маңызды!
Тестілеу уақыты – 240 минут(4 сағ). Тестіленушілер дәстүрлі түрде 3 міндетті пәнді (Қазақстан тарихы, математикалық сауттылық, оқу сауаттылығы) және 2 бейіндік пәнді тапсырады. Тест тапсырмалар саны -120. Жоғары балл саны-140.
Оқу сауаттылығы -20
Математикалық сауаттылық-15
Қазақстан тарихы – 15
Бейіндік пәндер – 35.
ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі. Жоғарыдағы кестеде ҰБТ-ға қатыса алатын категориялар тізімі берілген. ҰБТ 2021 жылдан бері электронды форматқа көшті, ең алғашқы электронды форматтағы ҰБТ 2021 жылдың наурыз айында бастап кеткен болатынбыз. Электронды формат бұл онлайн емес, яғни ҰБТ өткізу пункттерінде (ҰБТӨП) компьютерді қолдана отырып өткізіледі.Электронды форматтағы ҰБТ –ның артықшылығы:
•Тестілеу күнін өзі таңдау мүмкіндігі;
•Тестілеу нәтижесі тестілеу аяқталған соң бірден беріледі;
•Алдыңғы тест тапсырмаларына таңдалған жауаптарды қайта өзгерту мүмкіндігі;
•Апелляцияға мазмұны бойынша өтініштер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беріледі;.
Тыйым салынған заттарды пайдалану және басқа бұзушылық фактілер анықталған жағдайда тестіленушінің ҰБТ нәтижелері жойылады. Осы ретте тестілеуді тапсыру кезінде ашықтық қағидатын қамтамасыз ету маңызды.
Электронды форматтағы ҰБТ өткізу барысында U STADY орталығының аймақтық тестілеу орталықтарында (АТО) барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, карантиндік шектеулер сақталады.
Естеріңізге саламыз бұл тестілеуге жоғарғы оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады. Яғни қаңтар, наурыз және тамыз айындағы ҰБТ нәтижесімен тек ақылы негізде оқуға түсе аласыздар.
Әрбір тестіленушіге сәттілік.

Кажгалиева Набира Талгатовна
Ұлттық тестілеу орталығының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиал басшысы


#ұлттықбірыңғайтестілеу2022

   Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін (ағылшын) меңгергенін растайтын: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ) - кемінде 310 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – 79-ден кем емес), (TOEFL (ТОЙФЛ) шекті балл –567 баллдан кем емес), International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл – 6.0 баллдан кем емес) халықаралық сертификаттары бар адамдар қалауы бойынша "Шет тілі (ағылшын)" бейіндік пәнін немесе арнайы пән бойынша тестілеу тапсырудан босатылады.
Осы тармақта көрсетілген шет тілі (ағылшын) бойынша тест тапсырғандығы туралы сертификаттардың біреуі бар тұлғаларға республикалық бюждет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін өтініш беру кезінде, сондай-ақ ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдау кезінде орта немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері үшін 45 балл; қысқартылған оқу мерзімін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін 50 балл есептеледі.
   Осы тармақта көрсетілген шет тілі (ағылшын) бойынша балл ҰБТ сертификатында көрсетілмейді.
Ұсынылған сертификаттардың түпнұсқалығын республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру конкурсына өтініш берген немесе ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдау кезінде желілік ЖЖОКБҰ тексереді.

Қазақстан Республикасының Президентi

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

Мектеп директоры

СІЛТЕМЕЛЕР

astana

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

/