«Ғылымда шек жоқ»
Қазақстан Республикасының «Ғылым» күніне орай №77 мектеп-гимназиясы және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» ұйымдастыруымен 2022 жылдың 16 сәуір күні сағат 11:30- 14:00 аралығында «Ғылымда шек жоқ» атты қалалық белсенді ой-тапқырлық, зияткерлік ойындар өтеді.Зияткерлік ойындар өтетін орны: Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы №77 мектеп-гимназиясы, Мәңгілік Ел 22/1.Зияткерлік ойындар өткізу мерзімі: 2022 жылдың 16 сәуір күні сағат 11:30- 14:00 аралығындаЗияткерлік ойындардың ресми тілдері: қазақ, ағылшын, орыс.Зияткерлік ойындардың өткізу түрі: офлайн.Қатысушылары: Нұр-Сұлтан қаласы жалпы орта білім беретін мектептердің барлық жас мамандары, педагогтері, мектеп әкімшілігі. Әр ББҰ кем дегенде 2 жас маман және 1 педагог келуі шарт.Төменде берілген сілтеме бойынша қатысушы тек 1 ойынға ғана қатыса алады. Барлық ойындар бір уақытта, әр түрлі секция бойынша өтеді.2022 жылдың 16 сәуір күні «Ғылымда шек жоқ» атты қалалық белсенді ой-тапқырлық, зияткерлік ойындар өтеді:1. Не? Қашан? Қайда? (командалық ойын)2. TED алаңы. (Тақырыптары: «Қазақтың салт-дәстүрлеріне заманауи көзқарас» спикер: Шахидулла Д. М., «Адамның пайда болуы туралы ұстанымдар» спикер: Болатбек Д., «Қазақстан ядролық мемлекет болғанда...» спикер: Сұлтан Д. Т.) (Тарих және өзін-өзі тану)3. QUIZ интеллектуалдық ойыны (командалық ойын)4. Интеллектуальная игра для педагогов "Знатоки русского языка"5. "ҒЫЛЫМ ТАППАЙ МАҚТАНБА" зияткерлік ойыны (командалық ойын)6. “Fast Dating” speaking club7. Үстел теннисі ( әр мектептен 1 ер 1 әйел)8. АКТ гифтерін сабақта тиімді қолдану, тәжірибе алмасу9. Саз өнері бойынша шеберлік сынып10. Шәмші әндеріне поппури11. Ұлттық музыкалық аспаптармен таныстыру12. Құрақ құрау әдісі бойынша шеберлік сынып13. Аспаздық шоу



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер