Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Хабарландыру

Мектептің мекен-Жайы

Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1  

Жүргізу бағыттары

Lesson study негізінде сабақты тиімді жоспарлау

2018 ж 21 қараша күні Астана қаласындағы / 77 мектеп-гимназиясы, / 82 Дарын мамандырылған лицейі, /84 мектеп-лицейі бірлескен «Bastay-Astana кәсіби қоғамдастық НЗМ басқару менеджменттің енгізу мақсатында «Lesson study негізінде сабақты тиімді жоспарлау» атты қалалық семинар өтті.

Семинар мақсаты Lesson study-сабақты зерттеу мен тәжірибеге енгізу жолдарын дамыту, тәжірибелерін одан әрі кеңейту ынтымақтастықта жүзеге асыру болды. Семинар барысында: Bastau-Astana қоғамдастық мектептерінің шығармашылық көрме және әлеуметтік жобалар қорғаудан басталып, мектеп директорлары салтанатты түрде семинарды ашты.

Пленарлық отырыс интерактивті режімде өтіп, тәжірибемен ой қозғаудан басталды. Әдістемелік идеялар понорамасы ретінде секциялық жұмыстар ашық сабақтармен жалғасты. Ашық сабақтар 3 «Б» сыныбында Жаратылыстану пәнінен « Тыныс алу құпиялары» Г.М.Касымова

3 «В» сыныбында Көркем еңбек «Сәулет өнері дегеніміз не?» М.К.Женисова

8 «Б» сыныбында        Биология «Қан құю,  Резус- фактор Blood types  Ж.Х.Мукушева

8 «А» сынып Қазақ әдебиеті  М.Мөңкеуұлы «Нәубет» С.А.Айтжанова

8 «Ә» сынып химия « Газдардың салыстырмалы тығыздығы» Р.М.Жамилова

Тәжірибелік алаңда Коучинг сессияларымен жалғасты.

Коучинг/82 Дарын мамандырылған лицей мұғалімі Р.Е.Кашыгулова, А.Б.Уракова/ 84 мектеп Лицейінің мұғалімдері Г.З.Омариева, М.К.Кенжина, Н.Т.Нурахметова жүргізді.

Семинар соңында Мәжіліс залына жиналып, семинарға қатысушылардан кері байланыс алынды.

27.11


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президентi

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

Мектеп директоры

СІЛТЕМЕЛЕР

astana

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

/