«Жаңғыру Болашақтары»
15 қараша күні №77 мектеп –гимназиясында 1 сыныптың 150 оқушысын гимназияға қабылдаудың салтанатты рәсімі өтті. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басым идеялары оқушылар арасында кеңінен насихатталуда. Соның бір дәлелі ретінде мектеп қабырғасында да Отаныңа, туған анаңа, туған жұртыңа деген махаббатты, қанымызға сіңген ізгі қасиеттерді қайта түлетіп келеміз. Сол қасиеттерді ата- аналарына білім мен тәрбиені бойына ұштастырған 1-сынып оқушылары өнері арқылы паш етті. Мектеп –гимназия директоры Байменова Гүлжамал Пердебайқызы оқушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Ата- аналар да құттықтап өз тілектерін білдіріп, ақ жол тіледі. Жас жеткіншектерді тәрбиелеудегі еңбектеріне жеміс тілей отыра 1 сынып мұғалімдері Мұратбек төлбасқа, Шарипова Айгүл Қадырбекқызына, Мукажанова Алуа Бекмұратқызына, Ишанова Айжан Айыпқызына, Исмайлова Нұргүл Асықпайқызына, Рамазанова Данаш Кенесқызына мектеп әкімшілігі атынан алөғыс білдіреміз.


17.11