Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1
25.05.2017 күні Астана қаласы № 77 мектеп –гимназиясында мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға кұрметті қонақтар Кеңес Одағының батыры, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының ұшқыш-ғарышкері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Кеңес Одағының еңбек сіңірген ұшқыш-сынақшысы, авиация генерал-майоры Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы және Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты Әсима Темкеқызы Бимендина мектеп бітіруші түлектерге ақ жол, сәттілік тіледі. Мектебіміздің «Тұлпар » , «Астана гүлдері » би ансамбльдері биден шашу шашты.
Мектебімізде «Қарлығаштар » , «Кахармандар » аллеясының ашылуын келген қонақтарымыз рәсімдеп ашты. Алғашқы болып жаңартылған білім бағдарламасымен 6 жастан оқып жатқан 1 сынып бүлдіршіндері «ЖАҢҒЫРУ БОЛАШАҚТАРЫ » атты ленталарын тағып, «ЭКСПО- 2017» эмблемасын жасап, аспанға шар ұшырды. Мектеп бітіруші түлектерге сәттілік, ақ жол тілейміз!!!