Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Хабарландыру

Мектептің мекен-Жайы

Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1  

Жүргізу бағыттары

Психологиялық қызмет

22.05 күні жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы дəстүрлі және онлайн форматта өткізілді

22.05 күні 77 мектеп-гимназиясында жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы дəстүрлі және онлайн форматта өткізілді.
Толығырақ...

Сарыға таста

Сарыға таста жобасы
Толығырақ...

1 Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған сынып сағаттары (видео)

1 Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған сынып сағаттары
Толығырақ...

«Өмірге ИЯ деп айт!» республикалық ақпараттық науқанның ЕСЕБІ

«Өмірге ИЯ деп айт!» республикалық ақпараттық науқанның
ЕСЕБІ

Өткізу уақыты:
2018 жылғы 23 ақпан – 10 наурыз аралығы
Іс-шараны өткізу аймағы: Астана қаласы №77 мектеп-гимназия 
Науқан ұраны: «Өмір тамаша! Босқа қауіпке жол берме!»
Ақпараттық науқанның мақсаты: баланы оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға  қоғамның назарын аудару.

  1. 26 ақпан-7 наурыз аралығында «Интернетсіз әлем менің көзіммен»  деген тақырыпта 5-8 сыныптар аралығында сурет сайысы ұйымдастырылды.

Мақсаты: Оқушылардың ойлауына ерік бере отырып, әлемді, өмірді басқа қырынан көру.

psihol 1

2. Ата-аналармен жүргізілген психокоррекциялық  жұмыс

Өткізілген уақыты: 1наурыз
Тренингтің мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына ата- ана тәрбиесінің үлесі зор екендігін түсіндіре отырып, қарым - қатынас орнату. Ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге білуге және қиындықта қол ұшын соза білуге ықпал ету.

 

Тренингтен соң ата-аналарға жадынамалар таратылып, психологиялық-қолдау көрсету орталықтарының сенім телефондарымен таныстырылды. Балаларға психологиялық көмек көрсететін мекемелердің байланыс деректері бар ақпараттық парақшаларды таратылды.

psihol 2

3. 9,10 сынып оқушыларымен психологиялық тренинг

Өткізілген уақыты: 3-6 наурыз
Мақсаты: оқушыларды бірлесіп жұмыс істей отырып  ұйымшылдыққа шақыру, жасөспірімнің өзін-өзі, оған деген қоршаған ортаның кез-келген көзқарасын адекватты бағалау деңгейін қалыптастыру.

psihol 3

Тренингтің соңына қарай  келе жаткан 8 наурыз Халықаралық мерекесімен бір-бірлерін құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп. Комплимент жазылған конфенттерді ер балалар құттықтап қыздарға берді.

psihol 4

4. 23 ақпан-10 наурыз аралығында «Психологқа сұрақ» айдарына сұрақтар түскен жоқ, алайда 3 ата-анаға баланың жеткіншек шақта кездесетін қиындықтар, сыныптағы қарым-қатынас жөнінде жеке кеңес берілді.  Сондай- ақ телефон  желісі арқылы да 5 сынып ата-анасымен әңгіме  жүргізілді.

5. 2 наурыз «Өмір тамаша, босқа қауіпке жол берме» тақырыбында мектеп және Facebook  әлеуметтік желісінде мектеп Психологі Аймагамбетова М.К мақала жариялады.


 «Біз креативті болашақ» атты ашық сабағы

13 сәуір күні мектеп психологының ұйымдастыруымен және мектеп әкімшілігінің қатысуымен тренинг сабағы жүргізілді.
Тренинг барысында оқушылардың креативті ойлауын дамытуға және ой ұшқырлығын шыңдауға тапсырмалар берілді.

psihol 5

 


  «Табысты мұғалім – табысты оқушы» семинар-тренингі

27 сәуір күні №77 мектеп қабырғасында Астана қаласы қоғамдастық мектептерінің мұғалімдеріне арналған мектеп психологының ұйымдастыруымен «Табысты мұғалім-табысты оқушы» атты семинар-тренингі жүргізілді.

psihol 6


Ата-аналарға психологтың кеңесі

ҰБТ. Айтулы күн жақындаған сайын мектеп бітіруші баланың ұйқысы қашып, мазасызданатыны рас. Ең алдымен олар мектеп, ата-ана және өзінің абыройынойлайды. Осыған дейін тер төгіп дайындалған еңбегінің еш кеткенін қаламайды. Оның үстіне кей ата-ана баласына тым жоғары талап қояды. Психолог мамандардың

айтуынша, бұл дұрыс емес. Жоғары талап – баланы ауыр күйзеліске ұшыратып, суицидке жол ашады дегенді жиі айтып жүр. Мұндайда психологтың кеңесі тек балаға емес, ата-аналар үшін де маңызды. Күйзелістің алдын алу мен одан шығудың ең басты амал-әрекеті «психологиялық кеңес алдымен балаға емес, ата-анаға қажет» дейді. Ең алдымен ата-ана жауапкершіліктің бәрін ұл-қызына артып қоймай, болашақтың барлығы да сынақтың нәтижесіне байланысты емес екендігін айтып, оған сендіруі керек. Ата-анасына сенген баланың қорқынышы да сейіледі. Әрдайым оны қолдап, таңдаған мамандығы бойынша міндетті түрде оқуға түсетінін жиі айтып отырғаны жөн. Әрине, тек ҰБТ емес, жалпы кез келген сынақ күйзеліспен, қорқынышпен, үреймен байланысты. Әр адам өз даралығымен ерекшеленеді. Сондықтан, баршаға психологиялық көмек боларлықтай бір ортақ кеңес беру, психотехнологияны баяндау мүмкін емес. Дегенмен ҰБТ-да табысқа жетуде тиімді болатын кейбір жалпылық сипаттағы психологиялық мәселелерге тоқталайық.

  1.  күтілетін нәтижеге байланысты өздерінің күмәнді, жағымсыз ойларын өзгертіп, жақсылыққа, қуанышқа бағдарланған ойларға бойларын үйрету керек. Мысалы, оқушы: «тест тапсырмалары дұрыс құрылмайды», «барлық материалды дайындап үлгере алмаймын»; ата-ана: «осыны кім шығарды екен?», «бұрынғы кезде жақсы еді», «балам шаршап, қиналатын болды»; мұғалім: «бұл бала ҰБТ-дан қалай өтеді?», «менің пәнімді емес, басқаны негетаңдамайсың?» деген ойлар мен ұстанымдарынан арылуы керек. Мұндай ойларын іштей ауыздықтағаны дұрыс. Есесіне, оқушы «мен тырысып, еңбектенемін»; ата-ана: «бұл баршаға қойылатын талап қой», мұғалім: «мен көмекке әрқашан дайынмын» деген сияқты ерік-жігерге тосқауыл болмайтын ниет-тілекте болғаны абзал.
  2.  Республикалық БАҚ өкілдері сынақ кезіндегі келеңсіздіктерді тым көп мәлімдеді ғой. Әсіресе «Алтын белгіден» үміткер бір қыздың «1 балы жетпей қалды» деп анасының қатты күйзеліп, айқай шығарғанын бір емес, бірнеше рет көрсеткен-ді. Ересектердің мұндай қылықтары балаларды жаңсақ сенімге, терең күйзеліске ұрындырады. Сондықтан ҰБТ кезінде, дайындық барысында ата-анадан мейірім, шыдамдылық, төзімділік, балаларын кез келген сәтте қолдай

алатындай парасат керек.

  1.  Сөз жоқ, мұндай сәтте баланы қолдау, тірек болу керек-ақ. Бірақ ата-ананың көбі осы қолдаудың, тірек болудың мағынасын

басқаша ұғатын сияқты. Байқап тұрсаңыз, сондай сәттерде кейбірі «не болар екенбіз?» деп аһілеп-уһілеп, кейбірі «қайтсең де нәтиже көрсет» деп қайрап жатады. Бірақ ҰБТ тапсырғалы, кіргелі тұрған балаға ешқашан үлкен жауапкершілік

артуға, аяушылық танытып, көңілін босатуға немесе «сөйт-бүйт» деп кеңес айтуға болмайды. Керісінше, баланы «біз неге болса да дайынбыз», «біз сені әрқашан жақсы көреміз» деген сияқты оптимизм, жақсы көру сезімін танытатын, сабырлылыққа шақыратын сөздермен қоштау керек.

  1.  Оның өзінде әрбір 30 минуттан кейін үзіліс жасап, дем алған жөн. Бірақ бұл үзіліс 3-5 минут қана болуы керек. Ал әрбір екі сағаттан соң 20-30 минуттық үзіліс жасау керек. Жалпы, тестке күніне 6-8 сағат дайындалған жөн. Үзіліс кезінде теледидар көру, музыка тыңдау, агентте отыру дұрыс емес. Бұл кезде қозғалыс, қимыл қажет. Сонымен қатар тестке даярлық кезінде бала әдеттегіден 1-2 сағат ұзағырақ ұйықтағаны дұрыс болады. Баланың уақытымен тамақтанып, дем алуы керек.
  2.  Сынаққа дайындалып жүрген балалардың жүйке

жүйесінде қозу процесі өзінен-өзі аса жоғары болады. Оның үстіне ащы немесе көп мөлшердегі кофе, шай бұл процесті одан сайын арттырып жібереді. Соның нәтижесінде зейін тұрақсыз, шашыраңқы болып, бала материалға зейін қоя алмай,

оның дайындығына зияны тиеді.

  1.  Ең алдымен, бір рет оқып қоя салғаннан материалдың ұмытылып қалатынын білу керек! Материалды бір рет оқып алған соң, 10-20 минуттан кейін оны тағы бір рет оқып шығу керек. Одан кейін, 4-5 сағаттан соң есте қалғанды жазып, сызып, бейнелеу керек. Тағы бір рет бір-екі сөткеден кейін оқып шығу керек.
  2.  көңіл күйі болмай, жиі жылап, мазасы кетіп жүрсе, психолог маманның кеңесіне жүгіну керек. Адам үшін ең жоғары құндылық – өз өмірі мен денсаулығы.
  3.  өте жақсы білетіндерді бірінші орындаған дұрыс. Қиындық туғызған тест тапсырмаларының жауаптарын соңына дейін мұқият оқу керек. Бірақ олардың арасынан бірінші кезекте дұрыс жауапты іздемеу керек. Алдымен, дұрыс емес жауаптарды анықтап алу керек, соңында дұрыс-ау дегені

қалады. Сонда дұрыс жауап беруге мүмкіндік артады.

  1. Ол өзіңе де оларға да пайдалы бола қоймас. «Ерте бітіп қойдым» деп, уақыттан бұрын шығып кеткенше, тест жауаптарын ең соңында

тағы бір оқып, қарап шығу керек. Сынаққа дайындалуда, сынақ кезінде тыныштандыратын немесе белсенділікті арттыратын дәрі ішуге болмайды. Бұл әрекет теріс нәтиже беруі мүмкін.

  1.  Сондықтан ҰБТ кезінде барынша ерік-күш жұмсап оқу керек. Бірақ тым жоғары мақсат қойып, өзіңе артық үміт артуға болмайды.
  2.  Үй шаруасын қоя тұрып, қолыңызға секундомер алыңыз. Тестілеуге кететін уақытты есептеп, дайындық пен дем алуды кезектестіріп тұрыңыз. Айталық 40 минут дайындық, 10 минут үзіліс. Үзіліс уақытында ыдыс жуып, гүл суаруға немесе душқа түсіп, сергіту жаттығуларын жасауға дағдыландырыңыз.


Ата - аналарға ұсыныс:

 Ата - аналарға ұсыныс: 1. Баланы жайлап оятыңыз: оянғанда ол сіздің күлімдегеніңізді көріп, еркелеткен дауысыңызды естісін. Таң атпай оны ұсақ - түйекпен асықтырмаңыз, кеше ескерткен болсаңыз да, қателіктері мен жаңсақтықтары үшін кінәламаңыз. 2. Баланы мектепке таңғы ассыз жібермеңіз: мектептегі тамақтануға дейін оған көп жұмыс істеу керек болады. 3. Қоштасарда ескерту, ақыл айтыңыз: тентек болма, өзіңді жақсы ұста, бүгін жаман бағалар болмасын және т. б. Балаға сәттілік тілеңіз. 4. БҮГІН ҚАНДАЙ БАҒА АЛДЫҢ деген сөзді ұмытыңыз. Мектептен кейін баланы байыпты қарсы алыңыз, оған көп сұрақтар қоймаңыз, босаңсуға мүмкіндік беріңіз. 5. Егер балаңыздың ренжулі, бірақ үндемейтінін байқасаңыз, сұрап қинамаңыз, саябырланған соң өзі айтады. 6. Мұғалімнің ескертуін ести сала, ұрсысуға асықпаңыз, мұғаліммен баланың қатысуынсыз сөйлесуге тырысыңыз. 7. Мектептен келе балаға сабақ орындауға асықтырмаңыз, күш жинауға 2 - 3 сағат қажет (1 сыныпта 1, 5 сағат ұйықтап алғаны жақсы). Сабақ дайындауға тиімді уақыт - 15 - 17 сағат аралығында. 8. Бір отырғаннан барлық сабақты орындатпаңыз, 15 - 20 минут сабақтан кейін 10 - 15 минут үзіліс қажет. 9. Сабақ орындағанда үстінен төніп тұрмаңыз, өзіне жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіз, бірақ сіздің көмегіңіз керек болғанда сабырлық сақтаңыз. Байыпты сөйлеп, қолдау, мақтау қажет. 10. Баланың бас ауруына, шаршауына, көңіл - күйінің нашарлауына шағымданса, назар салыңыз. Бұл көбінде қажудың, сабақтағы қиналудың басты көрсеткіштері болады.

 

«Жаңартылған оқу бағдарламасы мазмұнындағы ата-ананың рөлі» тақырыбында өткізілген қалалық семинар туралы

 

Ақпарат

2018 жылы 30 қаңтар күні №82 мамандандырылған Дарын мектебі базасында «Жаңартылған оқу бағдарламасы мазмұнындағы ата-ананың рөлі» тақырыбында  5 сынып ата-аналарымен жұмыстар жүргізілді. Мақсаты: ата-аналарға 5 сынып оқушыларның орта буынға бейінделуіне және жаңартылған оқу бағдарламасы негізінде кездесетін қиындықтарды алдын алуға және психологтар тарапынан психологиялық қолдау көрсету.

Жасалатын жұмыстардың бағдарламасына сәйкес № 82 мектеп психологы Танисбаева А.К таныстыру сәтінен бастады, таныстыру сәтінде ата-аналарды болып жатқан іс-шараға еңдіру мақсатында  жүргізілді. Екінші кезеңде №78 мектеп психологы ....... жүргізді. Бұл кезеңде ата-аналарды топтарға  бөліп, топтық жұмыстар ұсынылды. Ата-аналар өте белсенділік танытып атсалысты. Келесі ата-аналарға 5 сынып оқушыларының атынан бейне материал ұсынылды. Бейне  материалда оқушылар ата-аналарына деген ізгі тіліктерің, өздерінің ыстық махабаттарын білдірді. Жұмысымыздың келесі кезеңін №77 мектеп психологы Аймагамбетова М.К рефлексия кезеңін жүргізді.

Соңында іс-шара қорытындыланып, талдау жүргізілді.

 

 

«Бұзақылық жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы»

 

Бұзақылық – азаматтарға күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздығымен ерекшеленетін әдепсіз әрекеттер жасаумен ұштасқан, қоғамды көрінеу құрметтемеуді білдіретін қоғамдық тәртіпті бұзу қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық болып танылуы мүмкін. Бұзақылық бір топ адамдармен (екі немесе одан да көп адамдармен) немесе үкімет өкілдеріне бағынбау, немесе бұзақылық үшін сотталған адаммен жасалады.

«Бұзақылық жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы»

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы N 3 Нормативтік қаулысы

 257-бап. Бұзақылық

  1. құрметтемеуiн бiлдiретiн азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз iс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртiптi тым өрескел бұзушылық -       екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республиксының Кодексі"

330- бап. Ұсақ бұзақылық

айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.

айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

330-1-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау.

айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

331-бап. Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық

Он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 257-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық, - ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екіден беске дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

332-бап. Елдi мекендерде атыс қаруынан ату, пиротехникалық қондырғыларды жару.

 

 


Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу шаралары туралы

                 Бұл тек адамдарға ғана тән әрекет. Суицидке баратын адамдар көбінесе ішкі жан күйзелісін басынан кешіреді немесе қатты стресс жағдайында болады, сонымен қатар психикалық аурулармен, көңіл күй бұзылыстарымен, әсіресе депрессиямен зардап шегеді және болашақ өмір қызықтырмайтын болып келеді.

 Статистика:

                 Жастар арасындағы суицид мәселесін зерттегенде анықталғаны: тұтастай алғанда көп жағдайларда жасөспірімдер ата-аналарының, мұғалімдердің назарын өз мәселелеріне аудару мақсатында өзіне өзі қол жұмсауға шешім қабылдайтыны және осындай келеңсіз түрде үлкендердің селқостығы, парықсыздық, арсыздық және қатыгездігіне қарсылықтарын білдіреді. Мұндай қадамға көбінесе тұйық, жаны жараланғыш, жалғыздық сезімнен, өзінің керексіздігінен стреске берілгіш және өмірден түңілген жасөспірімдер барады. Қиын өмірлік жағдайда уақытында көрсетілген психологиялық көмек, мейіріммен жасалынған қолдау қайғылы жағдайдан жасөспірімді аман алып қалған болар еді...

Жыл мезгілі

                 Өзіне-өзі қол жұмсау көбінесе көктемде, яғни адамның бас қайғысы табиғаттың гүлденуімен сәйкеспеген мезгілде, болады. Қыстың күңгір бояуы қандай да бір шамада ішкі жан дүниесінің күйзелісімен үйлесімін табады, ал керісінше көктемнің шуақты күндеріне сәйкес келмей қарама-қайшылық туындайды.

                Суицид алдындағы синдром: Суицидткебаруғаәрекеттенгенін білдіретін кешенді психологиялық белгілер, яғни ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше аптаға немесе айларға дейінгі уақытты қамтитын суицидтік қарқынды мерзім. Қиын жағдаяттарда суицидтік әрекетке бейімі бар жағдайда ересек жасөспірімдер мен үлкендерде жиірек байқалады.

                 Өзіне-өзі қол жұмсауға оқталған балалар көбінесе ата-ана назарына және қамқорына зәру, 75% олардың ата-аналары ажырасқан немесе бөлек тұрады, көбіне балалар интернаттарда немесе асырап алған ата-аналарымен тұрады.

Суицидке кімдер бейім

 Суицидке көбінесе келесі топтағылар бейім:

  • Алдында суицидке оқталғандар (аяқталмаған). Кейбір мәліметтерге қарағанда пайыздық көрсеткіші 30% құрайды
  • Суицидтік қорқытулар, тура немесе жасырын
  • Өзіне-өзі зиян келтіруге бейімділік (аутоагрессия)
  • Отбасында болған суицид
  • Ішімдікке салыну. Ішімдікпен ауыратын адамдардың суицидке бару тәуекелділігі өте жоғары. Бұл аурудың 25–30% өзіне-өзі қол салушылыққа қатысы бар; жастар арасында одан да жоғары – 50%. Ішімдікке салынудың ұзақтығы депрессияның, өзіне кінә артудың және психикалық бұзылудың күшеюіне әсер етеді, яғни мәлім болғанындай, бұл жағдайлар көбінесе суицидтке итермелейтіні белгілі.
  • Есірткіні және токсикалық (иісті) заттарды үнемі қолдану. Есірткі мен ішімдік сәйкес түрде қайғылы жадайға душар етеді. Олар адамның өзін-өзі бақылай алу қабілетін төмендетеді, депрессияны күшейтеді немесе тіпті психозды қоздырады.
  • Аффектілік бұзылыстар, әсіресе ауыр депрессия (психопатологиялық синдром)
  • Созылмалы немесе өлімге әкелетін аурулар;
  • Ауыр қайғы, мысалы жұбайының (әке-шешесінің) қайтыс болуы, әсіресе бірінші жыл ішінде
  • Отбасы мәселелері: отбасын тастап кету немесе ажырасу, қосағынан айырылу, масқара болу, арының тапталуы, аяғы ауыр болып қалу, жыныстық мәселелер.

Адамдардың тәуекел топ қатарына түсуі бірден суицидке бейімділігін аңғартпайды. Өзіне-өзі қол салушылықтың қандай да бір-ақ себебі болады деп айта алмаймыз. Сонда да кез-келген суицидті меңзейтін ишараларға аса маңыздылықпен қарау керек. Қауіпті белгілердің тіркесін, егер олар белгілі бір уақыт ішінде сақталатын болса, ерекше қырағылықпен назарда ұстау керек. Көмек туралы жан айғай әрқашан да қол ұшын соза білетін адамның жауап әрекетіне мұқтаж.

Жақындап келіп қалған суицидті қалай аңғаруға болады.

Суицидтік қауіпті топ

  • Жастар: өзара қарым-қатынас түрі бұзылғандар, «жалғыздыққа» ұшырағандар, күш көрсетуді әдет қылған девианттық немесе қылмыстық қылықтарымен ерекшеленетін ішімдік немесе есірткі қолданатындар;
  • Өзін тым қатты сынауға алатындар;
  • Жеке басының қорланғанын немесе қайғылы жағдайды басынан өткізген жандар;
  • Өмірде алдына қойған табыстары мен күткен жетістіктерінің сәйкес келмеуінен уайымға салынған жасөспірімдер. «Үздік» синдромы
  • Ауыр науқастан немесе айналасындағылардың сырт айналуынан күйзелген жандар

Эмоционалдық бұзылыстың көріністері:

  • Тәбеттің жоғалуы немесе импульсивті ашқарақтық, ұйқы қашу немесе ұйқышылдықтың жоғарлауы;
  • Соматикалық сырқаттарға (іштің ауруы, бастың ауруы, үнемі шаршау, ұйқы басуы) жиі шағымдану;
  • Өзінің сыртқы бейнесіне оғаш қарау;
  • Ылғи жалғыздықты, қажетсіздікті, кінәлілікті немесе мұңаюды сезіну;
  • Бұрын қуаныш сыйлайтын үйреншікті дүниелерден іш пысуы, жақтырмау;
  • Араласудан қашу, достарынан, отбасынан өзін оқшаулау, жалғыздыққа берілу
  • Зейінінің бұзылуынан орындаған жұмыс сапасының төмендеуі
  • Өлім туралы ойларға берілу
  • Болашаққа жоспар жасамау
  • Көбінесе ұсақ-түйектен аяқасты туындайтын ашу-ызаға булығу

Сыртқы белгілері

   

  • бет-бейнесі мұңлы
  • гипомимия
  • амимия
  • даусы ақырын бірсарынды
  • сөзі баяу
  • қысқа жауап қайыру
  • жауап қайтармау
  • шапшаң тоқтамай сөйлеу
  • дауыс ырғағы өзгерген
  • бұрқылдау
  • жылауға бейім
  • жалпы қозғалысының тежелуі
  • әрекетсіздік, адинамия
  • қозғалыстың қозуы 

Эмоционалдық бұзылыстар

  • іш пысу
  • мұңаю
  • уайымшылдық
  • салы суға кету
  • түсі суық, қабағы қатыңқы
  • жауласу
  • ызақор
  • бұрқылдап ұрсысу
  • ызыңдап сөйлеу
  • айналасындағылармен жағымсыз, өштік қарым-қатынас
  • айналасындағылардың игілігіне жеккөрушілік сезіммен қарау
  • өзінің дене бітіміне көңілі толмау
  • өзіне, айналасындағыларға селқос қатынас
  • сезімінің жоғалуы
  • мазасыздану
  • қорқыныш
  • бұрынғыны аңсау
  • шарасыздықтан ашыну
  • айналасындағы қуанышты оқиғаларға қатулы көңілмен қарау

 

 

Психикалық аурулар

  • депрессия
  • себепсіз қорқыныш, ішкі қысым және мазасыздануды сипаттайтын невроздар
  • маниакалды-депрессивті психоз
  • шизофрения

Өз өмірін бағалау

  • өзінің өткен өмірін пессимистік бағалау
  • бұрынғы жағымсыз оқиғаларды таңдап еске түсіру
  • өзінің қазіргі жағдайын пессимистік бағалау
  • болашақ жоспардың болмауы

 

 

Айналасындағылармен қарым-қатынас

 

  • кісікиіктік, араласудан қашу
  • айналасындағылармен қарым-қатынасқа түсуге ұмтылу, тілектестікті іздеу, дәрігерден көмек іздеп шағымдану
  • жылауға бейімділік
  • кінәмшілдік
  • өзінің азабына эгоцентристік бағытталу

Вегетативтік бұзылыстар

 

  • көзінің жасаурауы
  • қарашығының ұлғаюы
  • аузы кебу
  • тахикардия
  • артерия қысымының жоғарлауы
  • дем алысының тарылғанын, ауа жетіспеушілікті сезіну
  • тамағында түйір сезіну
  • бас аурулары
  • ұйқысыздық
  • ұйқыбастық
  • ұйқы ырғағының бұзылуы
  • ұйқыны сезінудің жоғалуы
  • кеудеде ауырлықты, жан ауруын сезіну
  • іш қату
  • дене салмағының төмендеуі
  • дене салмағының ауырлауы
  • тәбеттің төмендеуі
  • тамақты дәмсіз сезіну
  • жыныстық құштарлықтың төмендеуі
  • етеккірдің бұзылуы

Тәулік ішіндегі жағдайының динамикасы

  • кешке қарай жақсаруы
  • кешке қарай құлдырауы

 Депрессия

       Суицидке бейімділікті көрсететін көптеген сипаттамалар депрессия көріністерімен ұқсас болып келеді. Оның негізгі белгісі болып өмірде бұрын қуаныш сыйлайтын, бақыт әкелетін заттардан ләззат алу, сүйсіну сезімдерін басынан кешіру мүмкіндіктерін жоғалту болып табылады. Қылықтары мен көңіл-күйі құрдымға кетеді және талғамсыз бола бастайды. Психика күшті сезімдерден айрылады. Адамның бойын үмітсіздік, кінәмшілдік, өзін-өзі сынау және ашуланшақтық билейді. Қимыл әрекеті бәсеңдейді немесе, керісінше, шағымға, кінәлауға немесе көмек сұрауға толы қатты, шапшаң, тіпті тоқтаусыз сөйлеуге душар болады. Ұйқының бұзылуы немесе толқын бейнелі шаршау жағдайлары жиі болады. Дірілдеу, ерні кезеру және дем алысының жиілеуі сияқты соматикалық белгілері пайда болады. Жайдан-жай, ешқандай себепсіз басының, бүйірінің немесе ішінің ауырғанын сезінген соматикалық бұзылыстар пайда болуы мүмкін. Ауру адам өзінің қажетсіздігіне, күнәлі екендігіне және пайдасыздығына иланып, өмір сүру түкке тұрғысыз деген шешімге келеді.

       Суицидтік әрекет басқа да психологиялық бұзылыстарда көрінуі мүмкін. Мұндай аурулардың үш негізгі түрі бар. Біріншіден, себепсіз қорқыныш, ішкі қысым немесе мазасыздық сипаттағы невроздар. Неврозбен ауырған адам айналасындағы шындықпен байланыс жоғалтпайды, бірақ онда айналасындағы қоршаған дүниеге деген сенімі жоғалып, барлығынан сезіктеніп, масасыздық билеп алады. Моральдық қалыптың, азат ойдың жетіспеуінен немесе айналасындағылармен қарым-қатынасының қиындығы нәтижесінде қылық сипатындағы немесе тұлғалық түрдегі мәселелер туындайды. Бұл адамдар жан дүниесі бұзылысымен ауырмайды, сонда да өзін кінәлі ретінде сезінбей бейәлеуметтік тұрғыдағы әрекеттер жасауы мүмкін.  

 Созылмалы депрессия және жалғыздық қауіп тудырады, егер:

  • бұрын жақсы сезіммен қараған адамдарға өшігу сезімі;
  • қандай-да бір нәрсеге қызығушылық жоқ;
  • денсаулығы нашарлап кеткен;
  • дәрілерге немесе ішімдікке тәуелділікке ұшыраған;
  • қоғамдағы адамдардай қашқақтау және көбінесе жалғыз қалғанды ұнатады;
  • өзіне-өзі қол жұмсау ойы мазалайды.

 Суицидтік әрекетті болдырмау

  • психологиялық қозу күшін бәсеңдету;
  • суицидтік әрекетке итермелеген себепке психологиялық байлану дәрежесін азайту;
  • әрекетті алмастыру механизмдерін қалыптастыру;
  • өмір мен өлім туралы нақты, шынайы қатынас қалыптастыру

 Түзету

             Стресті бағындыра білудің әлеуметтік білік және дағдыларына үйрету. Жасөспірімдерге отбасы, мектеп, достары және т.с.с. қатыстыра отырып, әлеуметтік қолдау көрсету. Мәселелерді шешуге көмектесетін әлеуметтік-психологиялық тренингтер, өзін бағалауын көтеретін, өз тұлғасына шынайы қатынас, эмпатияны дамытатын топтық психокоррекциялық сабақтар ұйымдастыруға болады. Сонымен қатар өзін ұстай білу дағдыларын дамытуға арналған тренингтерге негізделген табысқа жету мотивациясын жетілдіретін психологиялық коррекция шаралары да нәтиже беруге тиіс.

 Көмектесу үшін не істеуге болады?

  1. Суицидтен құтқару тек достарының қамқоры мен қатысуынан ғана тұрмайды, сонымен бірге төнген қауіптің белгілерін тез арада аңғара білуге де байланысты. Сіздің сол қауіп туралы біліміңіз, ақпаратты меңгеруге деген ұмтылысыңыз біреудің өмірін құтқарып қалуы мүмкін.

 Болатын қауіптің белгілерін іздеңіз: өзіне-өзі қол салуға әрекеттенген суицидтік қорқытулар, депрессиялар, жүріс-тұрысындағы немесе мінез-құлқындағы айырықша өзгерістер, сонымен қатар ақырғы тілек-талаптарын білдіруге әзірлену. Шарасыздық пен үміті үзілгендіктің көрініс беруін бірден байқап, жалғыздыққа ұшырап, оқшауланып қалған адам емес пе екенін анықтау керек.

  1. Өзіне-өзі қол жұмсау сияқты маңызды мәселені жан-жақты қарастырып, шеше алатын жауап табу қиын. Бірақ егер сіз өмірден түңілген адамды түсіне біліп, оның жанын ұғына білуге тырыссаңыз, үлкен қадам жасағаныңыз. Әрі қарайғы жағдай сіздің өзара қарым-қатынасыңыздың сапасына байланысты болады. Оны тек сөзбен ғана емес, сонымен бірге вербальді емес эмпатиямен де білдіруге болады; мұндай жағдайда ақыл үйрету емес, қолдау көрсете білу тиімдірек болады.  
  2. Суицидке баратын адамдар әсіресе қатты оқшаулану сезіміне берілгіш болады. Соған байланысты олар сіздің ақыл-кеңестеріңізді қабылдауға құлықтары болмайды. Олар көбінесе өздерінің жан жарасын, уайымдарын талқылауды қажет етеді, яғни «Менде өмір сүруге тұрарлықтай ештеңе жоқ» деген сияқты сөздерімен жеткізеді. Егер адам депрессияға ұшыраған болса, онда онымен әңгімелескеннен гөрі оған өзі туралы көбірек айтқызған дұрыс болады. Сіз ол адамның жан жарасын білдіретін сөздерін, мейлі ол уайым, қайғы, кінә, қорқыныш немесе ашу-ыза болсын, тыңдай білсеңіз, оған баға жетпес көмек бергеніңіз. Тіпті кейде жай ғана үндемей онымен бірге отырсаңыз да, бұл сіздің оған деген қамқорлық қатынасыңыздың, оның тағдырына немқұрайлы қарамайтыныңыздың дәлелі бола алады.
  3. Суицидке бет алған адамға: «Ойлан, сенің өлімің жақындарыңа қандай қайғы әкеледі», - деп айтқанша, оның ойына мүмкін әлі келе қоймаған басқа шешім туралы           ойлануды сұраңыз.

Суицидтің алдын алудың маңызды міндеттерінің бірі көмек беру үшін психикалық дискомфорттың бастауын анықтау болып табылады. Бұл қиын болуы мүмкін, өйткені суицидтің «азық алатын ортасы» құпиялылық екені белгілі. Өзін-өзі өлтіруге оқталған адамды өзінің проблемасын өзі електен өткізіп және оны қиындатып тұрған не екенін нақтырақ анықтауына итермелеу керек.

  1. Өзін-өзі құртуға бейім депрессивті адамдармен жұмыс ауқымды және жауапты болып табылады. Психотерапевтер олар не айтатынына және не сезетініне назарды жұмылдыру өте құнды болып келетіні туралы тұжырымға баяғыда келген. Мазалайтын жасырын ойлар сыртқа шыққанда басқа түскен бәле сондай қорқынышты емес, тіпті шешуге тұрарлықтай болып көрінуі әбден мүмкін. Қандай да бір үміттену де пайда болады.
  2. Кризистік жағдай шешілгенге шейін немесе көмек келгенге дейін оның жанында барынша ұзақ қалуға тырысыңыз немесе біреуге тапсырыңыз. Мүмкін жедел жәрдем стансасына қоңырау шалу керек болар немесе емханаға хабарласу керек. Есіңізде болсын, қолдау көрсету сізге белгілі бір жауапкершілік артады.
  3. Суицидке баратын адамдардың көру аймағы тарылған, түнек басқан санада болады. Олардың санасы көтеруі қиын проблемаларды шешу жолдарын толық игеруге мүмкіндік бермейді. Олар алдымен қолдау табуды өтінеді. Достары, әрине, жақсы ниетпен көмекке ұмтылуы мүмкін, бірақ олардың білік пен тәжірибесі жетіңкіремейді, одан басқа олар тым әсерлі эмоционалдылыққа бейім болып келеді.

Жасөспірімдер үшін шұғыл психологиялық көмек кабинеті №3 қалалық емхананың №8 кабинетінде орналасқан

Ересектер үшін шұғыл психологиялық көмек кабинеті №4 қалалық емхананың №300 кабинетінде орналасқан, алдын ала жазылу 51-88-42 телефоны бойынша

Сенім телефоны 54-76-03, тәулік бойы, тегін, анонимдік түрде жұмыс істейді.

Суицидтік үрдісті басынан кешіргендер үшін имам, молла сияқты діни адамдар нағыз қолдаушы ретінде көмекке келе алады. Көптеген дінге қызмет ететін адамдар түсіне білетін, елгезек және сенімге лайық тамаша кеңесшілер болып келеді.

Отбасылық дәрігерлер де сенімді көмек көрсете алады. Олар, әдеттегідей, жақсы ақпараттандырылған, жағдаятты байыпты бағалай алады және адамды білгір маманға бағыттай біледі. Басында, пациент әлі білікті көмек алмай тұрғанда, отбасылық дәрігер оған үдемелі депрессивті жағдайды бәсеңдету үшін қажетті препарат тағайындауы мүмкін.

Суицидтік қауіп кезінде психиатрлар немесе клиникалық психологтардың көмегіне жүгінбей кетуге болмайды. Жеделпсихиатриялықкөмектелефоны 54-76-23. Бұл мамандар өздерінің білімі, білігі және психотерапиялық ықпалы арқасында адамның құпиялы сезімдерін, қажеттіліктерін және күтілетін тілектерін түсіне білетін керемет қабілеттерге ие.

Кейде суицидке бейім адамдарға көмектің жалғыз таңдамалы жолы ретінде егер жағдай тым қиын болса психиатриялық ауруханаға емделуге жатқызу болып табылады. Кешіктіру қауіпті болуы мүмкін; ауруханаға жатқызу ауру адамға да, оның отбасына да жеңілдік беруі мүмкін.

  1. Егер қауіп-қатер айналып өтіп кеткен жағдайдың өзінде мамандар болсын немесе отбасы болсын босаңсуға болмайды. Одан да қауіптісі алда болуы мүмкін. Ауру адамның психикалық белсенділігінің жоғарлауын жағдайының жақсарғаны деп ойлап қалуға да болады. Бірақ кейде депрессивті адамдар өзіне-өзі қол салу қарсаңында іс-әрекетке басымен кіріп кетеді. Олар ренжіткен адамдарының барлығынан кешірім сұрайды. Осыны көріп, сіз арқаңызды кеңге саласыз және қырағылықты бәсеңдетіп алуыңыз мүмкін. Бірақ бұл қылықтар барлығының алдындағы қарыздары мен міндеттерінен құтылып, содан кейін өзіне қол жұмсау керек деген шешімге келуінің хабаршысы болуы мүмкін. Шындығында, суицидке барушылардың тең жартысы психологиялық кризистің басталғанынан үш айдан кем емес уақыттан кейін өзіне-өзң қол салады.

 


Мектеп бітірушілерге тестке қатысты психологиялық кеңес.

  1. 1. Тестке кіретін кезде өзіңе сенімді бол. 2. Тестке барарда, алдын-ала өзіңді-өзің іштей тыныштандыруға дағдылан. 3. ҰБТ-ке кіретін кезде қобалжыма, өз ойыңды жинақтап, ең жақсы меңгерген пәніңнен баста. 4. Тестілеу барысында, ешқашан тапсырманы орындай алмаймын деп ойлама, керісінше өзіңе жеңіс картинасын суретте. 5. Сағат 3,5 (үш жарым) сағат уақыт беріледі, сол уақытыңды тиімді пайдалан. 6. Біреуден көмек болар деп жалтақтама, өзіңе сен. 7. Қайта жаңғырту арқылы оқығаныңды есіңе түсір. 8. Жеңілден ауырға деген принцип бойынша, алдымен толық білетініңді белгіле. 9. Тестке барарда өзіңе ыңғайлы киіміңді киін. Іске сәт құрметті мектеп бітіруші түлектер!

Мектеп бітірушілерге ақыл-кеңес: Емтихан тапсыруға дайындық.

Алдымен сабақ оқуға ыңғайлы орын дайында: үстелдің үстінен артық заттарды ал, керекті кітаптарды дәптерлерді, қағаздарыңды, қалам саптарыңды ыңғайлап жина. • Бөлмеге сары, ақшыл көк (фиолетовый) түстерді енгізуге болады. Ол түстер адамның интеллектуалды беделін көтереді. Бұл түстерді қолдану үшін сол түстердегі қандай да бір сурет немесе эстампы болады. • Сабақ жоспарын құр. Алдымен анықтап ал, үкісің ба? Немесе бозторғайсың ба? Осыған байланысты таңғы немесе кешкі уақыттарыңды максимамды түрде жұмса. Дайындықтың әр күніне жоспар құрып, оқылатын тақырып нақты және анық болу керек. • Ең қиыннан, өзің нашар білетін тақырыбыңнан баста. Егер саған қиын болса өзіңе қызық және ұнайтын тақырыптан баста. • Оқу мен демалысты ауыстырып жүр. Қырық минут сабақ оқу, он минут демалыс. Осы уақытта ыдыс жууға, су құюға, денеңді шынықтыруға, душ қабылдауға болады.  • Оқығаныңды жаттап алу міндет емес. Мүмкіндігінше қағазға жоспар құрып, схема сызып, материалдың құрылымын дайындаған жөн. • Әр пән бойынша әртүрлі жарияланған тестерді көбірек орында. Бұл жаттығулар сені тесттердің құрылымымен таныстырады. • Секундомермен уақытты белгілеп тесттерді орындап жаттық (тапсырмадағы А мен Б бөлімдеріне екі минут керек). • Емтиханға дайындалу кезінде ешқашан тапсырманы орындай алмаймын деп айлама, керісінше ойша өзіңе салтанатты жағдайды елестет. • Емтиханға дейін барлығын қайталауға ең қиын сұрақтарға тоқталу үшін бір күн қалдыру керек.

Емтихан қарсаңында:

  • • Тестке 1 күн қалғанда жақсылап ұйықтап демал. Таза ауада достарыңмен, ата-анаңмен серуенде. • Тест күні күндегіден ерте тұру керек. - салқын сумен жуыну керек. - гимнастикалық жаттығулар жасау керек. - дұрыстап тамақтану керек. • Тамақтану үлгісі: - аса майлы тамақ жеуге болмайды немесе мүлдем тамақтанбауға да болмайды.  - жеңіл көкөністен жасалған тағамдар жеген дұрыс. • Қатты қобалжығандықтан сендерде тәбеттің болмауы мүмкін бірақ аудитория атмосферасына шыдау үшін тамақтанбаса болмайды. • Емтихан бұл - өмірлік күресте өз мүмкіндігіңді, қабілетіңді көрсете білу. • Емтихан тапсыратын жерге кешікпей жарты сағат ерте баруың керек. • Емтиханда 3,5 (үш жарым) сағат отыратыныңды ұмытпа, қажетті құралдарыңды алып кел. • Ойыңды жинақта! Бланкті толтырғаннан кейін, өзіңе түсініксіз жағдайларды анықтағаннан соң, ойыңды жинақтап және айналаңдағыларды ұмытуға тырыс. • Сен үшін тек қана мәтін тапсырмасы, сағат және тестті орындау регламенттік уақыты болуы керек. Уақыттың қаталдығы сенің сапалы жауаптарыңа әсер етпеу керек. Жауап жазар алдында сұрақты екі рет қайталап, және өзің дұрыс түсінгеніңе, сенен не керектігіне көзіңді жеткіз. • Ең оңайынан баста! Көп ойланатын сұрақтарға тоқталмай, өзіңе оңай деген сұрақтардан баста. Содан кейін сен тынышталасың, басың анық және жақсы жұмыс істей бастайды, жұмыстың ырғағына кіресің. Есіңде сақта: мәтінде сен міндетті түрде орындай алатын сұрақтар табылады. Қиын сұрақтарға көп уақыт жетпей қалғаннан, керекті ұпай жинай алмасаң – ол ұят. • Тапсырманы аяғына дейін оқы! Асығыстық жасамай тапсырманың шарттарын түсінуге тырыс. Оңай сұрақтардан қате жіберу осы әдіске тікелей байланысты.  • Алдыңдағы тапсырманы ғана айла! Жаңа тапсырманы көргенде өтіп кеткен қиыншылықтарды ұмыт. Тесттегі тапсырмалар бір-бірімен байланысты емес. Сондықтан бір сұраққа қолданған білімің 2-ші сұраққа көмектеспейді. Психологиялық эффект мына кеңесті саған ұсынады - өткен тапсырмадағы сәтсіздікті ұмыт. Әр жаңа тапсырма, ұпай жинауға берілген мүмкіндік деп ойла.

 


Мектеп психологінің жұмыс бағыттары:

  1.  жүргізудің мақсаты мектеп мұғалімдеріне жүйелі түрде психологиялық кеңестер бере отырып, олардың психологиялық сауатын көтеру. Оқушыларда кездесетін психикалық ауытқушылықтың алдын алу шараларын жүргізу, бала психологиясындағы  өзгерістер туралы ата-анаға дер кезінде психологиялық кеңестер беріп, олардың алдын-ала сақтандырып отыру. Мектеп жағдайындағы психопрофилактикалық жұмыстарға жататындар:

- балалардың мектептегі оқуға психологиялық даярлығын анықтау (ес, зейін, ерік, ойлау, сөйлеу, қабылдау т.б.);

- бастауыш сынып оқушыларының мектептегі оқуға тез бейімделуін анықтап, ата-аналар мен ұстаздарға ұсыныстар беру;

- оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысындағы психологиялық  ерекшеліктеріне зерттеу жүргізіп, психологиялық кешеуілдеу мен  ауытқушылықтарды анықтап, оны жоюға бағытталған шаралардың бағдарламасын жасау;

- оқушылардың әрбір психикалық үрдістерінің, сезімі мен еркінің, қабілеті мен мінезінің дамуына үзбей зерттеу жүргізіп, ұсыныстар беру;

- арнаулы бағдарламамен жұмыс жүргізуді қажет ететін оқушылар үшін пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, арнаулы бағдарламалар дайындау;

- интернат типіндегі мекемелерге қабылданатын оқушылар үшін арнайы психологиялық зерттеулер жүргізіп, олардың өзіндік ерекшеліктерін анықтау;

- оқушылардың тұрмыс жағдайларына, оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктеріне (күрделілік, олқылықтар, мұғалімнің өзіне тән психологиясын түсінбеу т.б.) байланысты олардың жүйке жүйесінің бұзылуының алдын алу;

- педагогикалық ұжымда үйлесімді психологиялық ахуалды қалыптастыру, ұстаздар мен оқушылардың, ата-аналар мен ұстаздардың арасында сенімді байланысты қалыптастырып, психологиялық ынтымақтастықты орнату.

Психолог психопрофилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін сынып жетекшілермен бірлесе отыра, оқушылар туралы мәліметтер жинақтайды:

- дарынды оқушылар;

- озат оқушылар;

- үлгермеуші оқушылар;

- «қиын» оқушы мәселесі.

Психолог сабақтарға қатысады:

- оқушылардың жалпы білім деңгейін анықтау мақсатында;

- оқушылардың психикалық үрдістеріне, мінез-құлық, темперамент  ерекшеліктеріне зерттеу жүргізу мақсатында;

- мұғалімдерге педагогикалық-психологиялық ұсыныстар беру мақсатында.

Оқудан тыс шаралар ұйымдастырады:

- мұғалімдер үшін психотерапиялық ойындар мен тренингтер өткізу;

- педагогикалық-психологиялық консилиумдар өткізу;

- ІХ-ХІ сынып оқушыларының кәсіби бейімділігін зерттеу;

- оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;

- мұғалімдер үшін психологиялық мазмұнда тұрақты семинарлар өткізу;

Психопрофилактикалық жұмыс түрлері: психологиялық сауаттандыру, психологиялық кеңес беру, педагогикалық-психологиялық консилиум.

  1.  - ол әрбір жас кезеңдеріндегі  оқушылардың өзіндік психикалық үрдістерінің даму ерекшеліктерін түрлі зерттеу әдістері мен зерттеу әдіс темелерін қолдана отыра анықтайды.

Психодиагностикалық жұмыстарды мектеп психологы мынадай мақсатта жүргізе алады:

- оқушылардың психикалық дамуы оның жас ерекшеліктеріне сай келе ме? Әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізу мақсатында олардың қабілетін ерте анықтау үшін психологиялық зерттеулер жүргізеді;

- балалардың жас дамуынан төмен психикалық ауытқушылықтарының себептерін, мінез-құлықтың бұзылу себебін анықтауға арналған диагностикалық зерттеулер жүргізеді;

- оқушылардың ересектермен (мұғалім, ата-ана), өз құрбыларымен қарым-қатынасының мазмұнын, қарым-қатынастың бұзылуының кейбір психологиялық себептерін анықтауға байланысты жұмыстар жүргізеді.

  1.  Оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына белсенді түрде психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы ықпал ету. Білім беру мен тәрбие жұмыстарын қатар жүргізе отырып, оқушылардың қабілеті мен бейімділігі, жалпы психикасындағы ауытқушылықтар мен кемшіліктерді түзету. Ол үшін психолог:

- жас ерекшелігіне байланысты әрбір кезеңнің қалыптасу бағдарламасын жасауы керек;

- психикасында ауытқушылығы бар балалардың жүйке жүйесінің бұзылуының себептерін анықтайды;

- әрбір психикалық ауытқушылықтардың мазмұнына байланысты коррекциялық (түзету) жұмыстың бағдарламасын жасайды;

- шұғыл шара алатындай отбасы жағдайы қиын балалар мен жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсетудің бағдарламасын жасау.

Психокоррекциялық жұмыс ата-аналармен, пән мұғалімдері мен сынып жетекшісімен бірлесіп жүргізілуі керек. Психокоррекциялық жұмыстар барысында оқушыларға ойын тренингтерін беру, иммитациялық ойындар, түрлі маңызды ситуацияларды шешу т.б. тапсырмалар беріледі.

Қазақстан Республикасының Президентi

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

Мектеп директоры

СІЛТЕМЕЛЕР

astana

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

/