Меню KDT

Новости

Главная Новости

БАЛАҚАЙЛАР МЕКТЕБІ

      Астана қаласы Ф.Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясында  "БАЛАҚАЙЛАР МЕКТЕБІ" өз жұмысын бастап кетті. Алдағы оқу жылында мектеп табалдырығын аттағалы отырған балабақша, мектепалды даярлық топтарында тәрбиеленген бүлдіршіндеріміз үшін бүгінгі күн мерекелік көңіл-күймен ұйымдастырылып, тамаша, қызғылықты тапсырмаларды орындаумен өткізілді. Топ жетекшілері Мадреймова Шамсия Марленовна, Рамазанова Данаш Кинисовна, Турабаева Мадина Кеңесбековнадай тәжірибелі ұстаздарымыздың "Балақайлар мектебіне" келген балаларды қарсы алып, ата-аналарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізулерімен басталды. Топта өткізілген іс-шаралар бүлдіршіндерімізге ұнады. Әсіресе, мектебіміздегі жас мамандарымыз Әмірбек Ақбөпе мен Дәуіт Үкілімай  ертегі кейіпкерлері ретінде келіп, "Балақайлар мектебінің" ашылуымен құттықтап, балаларға жақсы көңіл-күй сыйлады.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено