Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Хабарландыру

Мектептің мекен-Жайы

Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1  

Жүргізу бағыттары

"БАСТАУЫШ СЫНЫПТА БІЛІМ БЕРУ: ТЕОРИЯСЫ, ТӘЖІРИБЕСІ МЕН ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР



        16 мамыр күні Астана қаласы әдістемелік орталығы мен мектеп-гимназиямыздың бастауыш сыныптары бірлесе ұйымдастырған   "БАСТАУЫШ СЫНЫПТА БІЛІМ БЕРУ: ТЕОРИЯСЫ, ТӘЖІРИБЕСІ МЕН ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР өткізілді.      
Республикалық семинардың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгерімдерін жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыда негіздеу, тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу және анық әдістемесін жасау.
             Семинар  барысы  мектеп оркестрінің орындауындағы қазақ күйлерімен және қонақтарды қарсы алуда ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырумен басталы.
            Биыл Ф. Оңғарсыноваға 85 жыл толуына байланысты, іс-шарамыздың ашылуында бірінші сыныптың 85 оқушысынан тұратын «Фариза мектебі» атты хор айтылып, халықаралық жарыстардың жүлдегерлері атанған «Айша Бибі» би ансамблі өнер көрсетіп, 3-сынып оқушылары Ф.Оңғарсынова өлеңдерін жатқа оқыды.
            Семинар  «Пленарлық бөлім», «Секциялық  жұмыстар», «Сыныптан тыс іс-шаралар», «Үйірме жұмыстары», «Кері байланыс» атты бөлімдерден тұрды.
Пленарлық бөлімде ғалымдар, педагогика саласындағы ғылыми қызметкелер өз тәжірибелерімен бөлісіп, бастауыш білім беру бойынша тенденциялармен таныстырды. Секциялық жұмыстарда әр өңірдің Астана, Алматы, Екібастұз, Семей қалаларының, Абай облысының бастауыш сынып педагогтері және Астана қаласы мектептерінің педагогтері онлайн және офлайн форматта ашық сабақтар, шебер-сыныптар өткізіп, іс-тәжірибелерін көрсетті.  №77 МГ педагогтері «Lesson Study» әдістемесі, Action Research (Іс-әрекетті зерттеу) жобалары бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті. Алматы қаласымен телекөпір сабақтары өтті.
         Іс-шарада «Бала Абай» жобасының жұмыстары да көрсетілді. «Бала Абай» жобасы бойынша әр сыныптармен сыныптан тыс жүмыс және ашық сабақтар өткізілді. Абай облысы Семей қаласындағы А. Құнанбаевтың мемлекеттік тарихи-мәдени және  әдеби-мемориалдық қорық-мұражайымен телекөпір сабақ өтілді. 
«Педагогикалық SABAQTASTYQ» жобасы, «Балақайлар мектебі» туралы педагогтер өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, бұл жобалардың тиімділігін көрсетті.
Сондай-ақ, үйірме жұмыстарында «Тоғызқұмалақ», «Қолөнер», «Сазбен жұмыс» үйірмелерінің жұмыстары көрсетілді. Семинардың өту барысына,  іс-әрекетті зерттеу жобасы бойынша кері байланыс берілді.
Республикалық семинар жоғары деңгейде өтті деп оң бағаланып, қатысушы педагогтердің барлығына республика көлемінде іс-тәжірибе таратқандығы туралы сертификат табысталды.
 
 
           Семинар бағдарламасы:
1-қабат. Фойе
08.30-09.00. Қонақтарды тіркеу, қарсы алу (ынтымақтастық атмосферасы)
08.30-09.00. Мектеп оркестрі. Қазақ халық күйлері. Жетекшісі:Ахметова С.Р.
3-қабат. Мәжіліс залы
09.00-09.03. Мектеп хоры. «Фариза мектебі» мектеп әнұраны.
09.03-09.05. Фариза өлеңдерін мәнерлеп оқу.
09.05-09.10. Халықаралық би байқауларының жеңімпазы «Айша Бибі» би ансамблінің биі.










            









 
16.05


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президентi

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

Мектеп директоры

СІЛТЕМЕЛЕР

astana

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

/