Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Хабарландыру

Мектептің мекен-Жайы

Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1  

Жүргізу бағыттары

"Жасыл Ел" акциясы

    Бүгін 13-мамыр күні сағат 12:00де Ф.Оңғарсынова атындағы №77мектеп-гимназиясында "Жасыл Ел" акциясы аясында мектеп ауласында көшеттер отырғызып, табиғатты аялап, қорғау мақсатында, білім ордасының ауласын абаттандыру "Жасыл мекен" челленджі өтті.


     Бұл іс-шараға мектеп директорымыз Нұрлан Меңдібайұлы бастаған ұжым, №77мектеп-гимназиясының барлық ұстаздары, ата-аналармен, мектеп оқушылары қатысты. Бүгінгі іс-шараның мақсаты: Білім ордамызды абаттандырып қана қоймай, қоршаған табиғатты қорғап, тазалық жұмысын жасап, көшет отырғызып, оқушыларымыздың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, еңбекке баулып, өз елін құрметтеп, сыйлауға шақыру.


   Бүгін мектеп ауласын тазалап, гүл отырғызылып, 20 түптен астам көшет ағаштары  отырғызылды. Осы бүгінгі іс-шараға арнайы білім беру Вице- министрі Ильясов Айбат Болатұлы мектебімізге келіп, өз қолымен көшет отырғызып, арнайы Жасыл ел акциясын қолдап, абаттандыру жұмысына атсалысты. Мектеп ауласында арнайы оқушылардың қатысуымен  "Жасыл мекен" флешмобы өтті. Бүгінгі іс-шараға барлық ұжым, ата-аналар мен оқушылар белсене қатысты.
13.05


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президентi

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

Мектеп директоры

СІЛТЕМЕЛЕР

astana

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

/