Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Хабарландыру

Мектептің мекен-Жайы

Нұр-Сұлтан қаласы Мәңгілік Ел 22/1  

Жүргізу бағыттары

Мектебімізге қазақ халқының ақыны, поэзия падишасы - Фариза Оңғарсынованың есімі берілуіне байланысты республикалық ғылыми-қоғамдық конференция болды





Бүгінгі күн біздің мектебіміз үшін ерекше күн болды. Мектебімізге қазақ халқының ақыны, поэзия падишасы - Фариза Оңғарсынованың есімі берілуіне байланысты республикалық ғылыми-қоғамдық конференция болды. Бұл жиынның мәні де, мағынасы да өзгеше. Өйткені бұл жиынға Фариза Оңғарсынованың ұрпағы, көзін көрген, сыйлас, дәмдес болған, өмірлік мұраттары ұқсас жандар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, БАҚ өкілдері жиналды. Ауқымды іс-шара мектеп басшысының Алғы сөзімен басталып, Фариза апамызға мектеп ұстазы арнайы шығарған "Фариза ақынға арнау" өлеңін оқумен жалғасты. Мектеп ауласындағы "Қаһармандар аллеясына" ағаш отырғызу рәсімі мен Фариза апамыздың мүсінінің орнын қонақтарға таныстыру да өтті. Мектептің 1-қабатында "Фаризатану" оқу бөлмесінің ашылуында мектебімізде оқитын өзге ұлт балалары өз тілдерінде( түрік, итальян, қытай, Африка) Ф.Оңғарсынованың өлеңін оқыды. Бұл оқу бөлмесі заманауи үлгіде жабдықталған, оқу электрондық жүйеде және оқу бөлмесінде Фариза Оңғарсынованың қолданған заттары, құжаттары қойылған .

Келген қонақтар " Мектеп тынысы" көрмесіндегі оқушылар мен педагогтердің шығармашылығымен танысып, ой бөлісті. Сонымен қатар мектебіміздің екінші қабатында орналасқан "Буккросинг" бұрышымен де танысып, өз ризашылық тарын білдірді. Конференцияның пленарлық отырысында Фариза апамыздың көзін көрген зиялы қауым, туыстары, баласы Алмас мырза естеліктерімен бөлісті. Елена Әбдіхалықованың орындауындағы ән жүректі тербетті. Алдағы уақытта мектебімізде "Фаризатану " оқу курсы ашылып, оқушыларымызды Фариза апамыздың шығармашылығымен кең көлемде таныстыру, Фариза оқуларын ұйымдастыру жоспарлануда. Фариза ақынның қайсарлығын, турашылдығын, адалдығын, дарындылығын шәкірттеріміздің бойына сіңірсек нұр үстіне нұр болар еді.
#білімбасқармасы
#білімдіжаңғыртуорталығы
#77мектепгимназиясы






06.05


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президентi

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

Мектеп директоры

СІЛТЕМЕЛЕР

astana

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

/