Мектебімізде 18.11.-25.11.2024 күндері аралығында “Мәдени мұра-ұлттық құндылықтар негізі” тақырыбында бастауыш сынып онкүндігі өтті. Апталық барысында ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Мектеп фойесі талапқа сай безендірілді. Апталықтың ашылу салтанатында мұғалімдер оқушыларға қызықты тапсырмалар жасырып, ойындар ойнатты. Тапсырмаларды оқушылар қызығушылықпен орындай білді. Мұғалімдер ашық сабақтар өткізді. Мұғалімдер сабақ жоспарын оқушылардың жас ерекшелігі , қызығушылығы мен білім деңгейлеріне сай құрастырды. Сабақтар жоғары деңгейде өтілді. “Шаңырақ“ күнінде 3-сыныптар арасында “Бір шаңырақ астында интеллектуалдық ойын өткізілсе, қоңырау уақыттарында тақырыптық “Көңілді үзіліс“, “Сен білесің бе?“, “Ас-адамның арқауы”, “Қазақ халқының ырымдары мен тиымдары“ , “Сиқырлы әріптер” тақырыбында қызықты ойындар, викториналық сұрақтар оқушы қажеттілігіне қарай қызықты өтті. “Үлгермеуші оқушымен жұмыс” тақырыбында“ тренингтер ұйымдастырылды. “Поэзия падишасы“ тақырыбында радиорубкадан Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін 2-сынып және 4-сыныптар оқушылары оқып, сыныптастарына Фариза апамыздың өлеңдерін жатқа оқуды насихаттады. Онкүндіктің соңғы күні 3-сынып оқушылары ән салып, би билеп, домбырада күй ойнап өз өнерлерін ортаға салып, тамаша концертпен аяқтады.