«Балақайлар мектебі – мектепке бейімделу баспалдағы» атты конференция
Бүгін Ф. Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері «Балақайлар мектебі – мектепке бейімделу баспалдағы» атты конференциясын өткізді. «Балақайлар мектебінде» 3 маусымнан бастап 23 тамызға дейін жұмыс атқарылды. «Балақайлар мектебі» дегеніміз не? Бұл негізгі үш ұғымға негізделген жоспар. Бүлдіршіннің мектепке дейінгі білім беру ұйымынан мектепке оқуға бірқалыпты жеңіл өтуіне дайындайды. Мектеп табалдырығын алғаш аттайтын балаларға арналған дайындық курсының мақсаты – оларды мектеп өміріне бейімдеу. Балақайлар мектебінің көмегімен балалар ойын түріндегі негізгі дағдыларды игеріп, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Мұндағы сабақтар балалардың жадын, маторикасын дамытуға және сөйлеуін, жазуын, сурет салуын үйретуге бағытталған. Жұмыстың бағыттары: сөйлеудің және қол мен саусақтардың ұсақ бұлшық еттерін, математикалық әрекет негіздерін, танымдық процестерді ойлау, зейін, есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқу жоспарының тақырыптары төрт бөлімнен тұрды: 1. Мен. 2. Мектеп. 3. Менің әлемім. 4. Мен болашақ жұлдызбын. Осы тақырыптарды жүзеге асыруда әр түрлі қызықты әдіс-тәсілдер қолданылды. Балақайлардың мектепте оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған жұмыстар өз нәтижесін көрсетті. Санаулы күндерден кейін 1 қыркүйек-Білім күнінде мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндерге сәттілік тілейміз. Сабақты жақсы оқып, саналы да тәрбиелі шәкірт болуына тілектестік білдіреміз. Келешектері кемел, болашақтары жарқын болсын! @oqu_agartu_ministrligi @gani.beisembayev @akimat__astana @jenis_qasymbek @baikenyesset @k.sengazyyev_official @astanakenes.kz @Балақайлар_мектебі @Малышкина_школа