Ф. Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясында 15.04-25.04 аралығында Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің онкүндігі аясында бірлестік мұғалімдері оқушылармен түрлі танымдық іс-шаралар ұйымдастыруда. Сондай іс-шараның бірін пән мұғалімі Туйлебаева Құралай 8-сыныптар арасында белгілі «Миллион кімге бұйырады?» зияткерлік ойын негізінде «Тосын сый кімге бұйырады?» атты ойын ретінде ұйымдастырды. Ойын қызықты өтті, оқушылар белсене қатысты. Соңғы айналымда тосын сыйға 8Г-сынып оқушысы Сәрсенбек Азамат ие болды.