Осыдан 35 жыл бұрын 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлері (40-шы армия және оған жіберілген бөлімшелер) Ауғанстан аумағынан шығарылды.
1979 жылдың 25 желтоқсанында КСРО Қорғаныс министрінің берген бұйрығымен Ауғанстанға Кеңес әскерлерін кіргізуге шешім шыққан. Осы алапат он жылда Кеңес Одағынан Ауған соғысына 500 мыңнан астам азамат қатысып, оның 15 мыңы опат болды.
Осы оқиғаға қарай мектебімізде оқушылардың бойында патриоттық және рухани құндылықтарын әскери тәртіпке баулу мақсатында “Атамекен” челленджі ұйымдастырылды.