Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Хабарландыру

Мектептің мекен-Жайы

Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1  

Жүргізу бағыттары

Астана қаласының Білім басқармасы, Әдістемелік орталығы балабақшалар мен бастауыш сынып арасындағы «Педагогикалық SABAQTASTYQ» жобасын ұсынды.

    Білім  беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі.

   Мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, баланы мектепте оқуға дайындауды, яғни оны қажетті білім мен дағдыларды игеруді, тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет. Осыған орай, Астана қаласының Білім басқармасы, Әдістемелік орталығы балабақшалар мен бастауыш сынып арасындағы «Педагогикалық SABAQTASTYQ» жобасын ұсынды.




     Осы жоба барысында атқарылып жатқан жұмыстарды паш етіп, тәжірибе алмасу мақсатында №76 «Әдемі» балабақшасының мектепалды топ тәрбиеленушілері Ф. Оңғарсынова атындағы №77 мектеп -имназиясына 2023 жылдың 4 мамыр күні «Менің алғашқы мектебім» атты экскурсияға барды.
Экскурсия барысында балабақша тәрбиеленушілері өздерінің болашақ мектебімен танысып, алғашқы мектеп өміріне қадам басуға дайындалады. Бастауыш сынып оқушыларымен біріккен сабаққа қатысып, болашақ мектебінің Фаризатану кабинетімен, кітапханасы, спорт алаңы және bookcrossing алаңымен танысты.

   Жүйелі түрде өткізіліп отырған экскурсиялар мектепке дейінгі және бастауыш сыныпта білім берудің сабақтастығын жүзеге асырады деп болжануда.

Мектептің 4-сынып оқушыларынан құралған мектеп оркестрі қазақ халқының күйлерінен попурри тартып, балабақша тәрбиеленушілерін қарсы алды.Экскурсия Ф. Оңғарсынованың «Фаризатану» кабинетінен басталды.
Балалар сыныптың ішімен және ақынның жеке заттарымен танысты. Оқушылар ақынның өмірбаянымен таныстырды.



    Тәрбиеленушілер сабаққа қатысып, өз қолдарымен мерекелік ашықхат жасап, ертегі қойылымына қатысып, логикалық үстел ойындарын ойнады. Мектептің спорт залында бастауыш сынып мұғалімі спорттық жаттығулар жасатса, кітапханада оқушылар өлең оқып, кітаптармен таныстырып шықты. Экскурсия мектептің bookcrossing алаңында аяқталды.
Педагогтер тәрбиеленушілерге тренинг және «Ойлан, тап» ойынын ұйымдастырды.






@oqu_agartu_ministrligi
@gani.beisembayev
@akimat__astana
@jenis_qasymbek
@baikenyesset
@s_kassymkhan
05.05


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президентi

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

Мектеп директоры

СІЛТЕМЕЛЕР

astana

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

/