«Оқытудың озық тәжірибесі- интеграциялау: қағидадан нәтижеге» атты қалалық семинар өтті
Бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған қалалық семинар
Астана қаласы Әдістемелік орталығы мен «Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК-ның ұйымдастыруымен 2023 жылдың 26 сәуір күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Оқытудың озық тәжірибесі- интеграциялау: қағидадан нәтижеге» атты қалалық семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқытудағы нәтижелі сабақ түрлерін қолданудағы озық педагогикалық тәжірибелермен бөлісу. Барлық семинарға қатысушылардың белсенді өзара әрекеттесу қабілетін және қарым-қатынас мәдениетін дамыту.
Іс-шараның басы мектеп оқушыларынан құрылған «Жас өркен» оркестрі қазақ халқының күйлерін орындап, қонақтарды қарсы алумен басталды.
Мектеп директоры Н.М. Искаков және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.З. Ермухамбетова қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Ж.З. Ермухамбетова семинар тақырыбы бойынша қысқаша кіріспе сөз сөйледі.
Әдістемелік орталықтың әдіскері Н.К. Әзімбай «Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс түрлері» тақырыбында қатысушылармен ой бөлісті.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.З. Ермухамбетова және бастауыш сынып мұғалімі Г.М. Касымова «Ынтымақтастық-нәтижеге жеткізетін жол» тақырыбында тренинг өткізіп, қатысушылардың көтеріңкі көңіл-күйін қалыптастырып, назарын семинардан күтілетін нәтижеге бағыттады.
Бастауыш сынып мұғалімі Ш.М. Мадреймова және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі И.Ж. Жалелова «Тіл сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының жылдам оқу дағдысын арттыру жолдары» атты шебер- сыныпта жылдам оқуды ұйымдастыруда кездесетін кедергілер және оларды шешу жолдарын, жылдам оқудың маңыздылығын ашып көрсетті. Қатысушылардың өздерін іс-әрекетке қатыстыра отырып, шебер-сыныпта тәжірибе алмасты.
Бүгінгі күннің талабы оқыту мен оқудың сапасын арттыруда коллаборативті оқытудың маңыздылығы ерекше. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушы да оқытушы да жақсы нәтижеге жететіні сөзсіз. Жалпы оқыту әдістері-педагог пен оқушының жұмысын реттеп отыратын ережелер болғандықтан, барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принципіне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы нәтижеге жете алады. Соның бірі-интеграциялау принципі. Интеграция - әртүрлі пәндердегі негізгі принциптер мен заңдылықтарды өара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыруды көздейді. Сондай-ақ мазмұны жағынан бір-біріне жақын пәндердің тіл мен әдебиет, математика мен жаратылыстану, қазақ тілі мен шет тілі, дүниетану мен еңбекке баулу т.б өзара жеке пәннің ішіндегі материалдық байланыстарын анықтап, оқушылардың білімін тереңдетуге болады. Сонымен қатар педагогтердің де бірлескен жоспар құруына мүмкіндік беретін принциптің бірі деп айтуға болады.
Семинардың практикалық бөлімінде бастауыш сынып және ағылшын, орыс тілі пән мұғалімдері пәнаралық байланыстарды көрсететін бірнеше сабақатар жүргізілді. Атап айтсақ:
Әдебиеттік оқу, орыс тілі пәндері. Нені үйрендім? 3 «Г» сыныбы. Мукажанова Д.К., Рамазанова А.А.
Қазақ тілі, ағылшын тілі пәндері .Мәтін және сөйлем. Fun places (Қызықты жерлер). 3 «А» сыныбы. Кабдыляшимова Г.С. Жанбекова Ы.Т.
Әдебиеттік оқу, көркем еңбек пәндері. Егістікке саяхат. Алуан түрлі құстар. 2 «Ғ» сыныбы. Сарсенбекова А.А. Салменова А.К.
Жаратылыстану, математика пәндері. «Математика ғарыш әлемінде» 4 «Б» сыныбы. Есенгулова Н.Т., Турикпенбаева А.А.
Математика, музыка пәндері. «Музыка пәнімен байланыстырып математикалық есептерді шығару» 1 «Ғ» сыныбы. Таукебаева А. Е.
Ахметова С.Р.
Қазақ тілі, орыс тілі пәндері. Дара және күрделі сын есім. На чем ездят в путешествиях? 2 «Ә» сыныбы. Мырзанбек Б.Қ. Айтмағамбетова А.М.
Ана тілі пәні. Бала Абай курсы. Абайдың шығармашылығы. 1 «В» сыныбы. Кабышева Д.С.
Ана тілі пәні. Бала Абай курсы. «Абай-дана, Абай-дара». 1 «Г» сыныбы. Мукажанова А.Б.
Сабақ берген педагогтер өз сабақтарына талдау жасап, рефлексия жүргізіп өтті.
Оқушылардың зерттеу жұмыстарынан жинақталған көрмеде оқушылар өз зерттеулерінің жүру барысымен, нәтижесімен таныстырып өтті. Семинарға қатысушы педагогтердің сұрақтарына жауап берді.
Семинар барысы сахнада «Абай-дара» тақырыбындағы әдеби-қойылыммен жалғасты. Бұл әдеби-қойылымда бастауыш сынып мұғалімдері Т.Р. Сахариева, Д.К. Рамазанова және 1-сынып оқушылары ұлы ақын Абайдың жан-жақты дарын иесі екенін қойылым арқылы ашып көрсете білді.
«Кері байланыс-игі әрекет» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері М.М. Абдрахманова және А.Б.Бақытқалиева өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, тиімді кері байланыс орнату мақсатында қатысушылардан «Тосын сый» және сауалнама әдістері арқылы кері байланыс алды.
Семинарға білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жетекшілері мен жас мамандар қатысты.
Семинар жоғары деңгейде өтті деп бағаланды, республика көлемінде іс-тәжірибе тарату ұсынылды.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ермухамбетова Жанар Закарьяқызы