“Қыз қылығымен…”
Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер туған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясында 18.04.2023 күні сағат 12:30 да мәжіліс залында 5-11 сыныптардың қыздарына “Қыз қылығымен…” атты тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:
Қыздармен әңгімелесе отырып, ар - намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту. Есірткі, ішімдік және темекінің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы айту. Мектебіміздің ішкі тәртібіне бағыну, ережелерін сақтау, мектеп формасында болу керектігі сөз етілді.
19.04