«Педагогикалық технологиялар жеке-тұлғаны дамыту мен тиімді оқытудың негіздері»
Нұр-Сұлтан қаласы Ф.Оңғарсынова атындағы №77 мектеп гимназиясында Білім беруді жаңғырту орталығы көркем еңбек мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетуге арналған семинар-практикум өткізді.
Тақырыбы: «Педагогикалық технологиялар жеке-тұлғаны дамыту мен тиімді оқытудың негіздері»
Семинардың мақсаты: Кәсіби біліктілігі жоғары педагогтердің әлеуетін арттыру, білім алушыларды кешенді дамытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындауға жұмылдыру.
Семинарда келесі тақырыптарда презентациялар жасалды:
- «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі»;
- «Жапсырмалау өнері. Жыл мезгілдерін жасау»;
- «Дымқыл техникада сурет салу»;
- «Аралас техникада натюрморт салу»;
- «Сазбалшықтан құмыра жасау».
19.09.2022.
30.09