Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1
Ф. Оңғарсынова атындағы № 77 мектеп-гимназияда 25 қазан - Қазақстан Республикасы күніне орай дөңгелек үстел болып өтті.
Мектеп ұжымымен кездесуге қоғам қайраткері, ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Құрмет» орденінің иегері Қ.Жұмашев, педагог-журналист, «Туранинформ.кз» ақпараттық сараптамалық білім порталының Бас директоры Қ.Қалмақан қатысып, өз ойларын ортаға салды. Білім ордасының басшысы Г.Байменова жиынды ашып, Республика күнінің маңыздылығына тоқталды. Кездесуге келген педагог-мамандар жиналғандарды тәуелсіз мемлекеттің даму жолында білім мен тәрбиенің алар рөлін айқындап, оқушылардың патриоттық сезімін нығайту, мамандық таңдау, отандық және шетелдің білім жүйесіндегі тың реформалардан хабардар етті.
Дөңгелек үстел соңында қонақтар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, мектеп ұжымына авторлық кітаптарын сыйға тартты. Мектептің жас өнерпаздарының ән мен күйі барлығына жақсы көңіл-күй сыйлады.
21.10