2022 жылы 19 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы Ф.Оңғарсынова атындағы №77 мектеп гимназиясында «Педагогикалық технологиялар жеке-тұлғаны дамыту мен тиімді оқытудың негіздері» тақырыбында көркем еңбек мұғалімдеріне семинар ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты: Кәсіби біліктілігі жоғары педагогтердің әлеуетін арттыру, білім алушыларды кешенді дамытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындауға жұмылдыру.
Семинарға көркем еңбек мұғалімдері, білім беруді жаңғырту орталығындағы көркем еңбек пәнінің әдіскері Ж.Даримбетов қатысты.
Семинар барысында «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» тақырыбында мектебіміздің көркем еңбек мұғалімдері А.Байстенова баяндамасын слайд презентациямен түсіндірді және «Сазбалшықтан құмыра жасау» тақырыбында көркем еңбек мұғалімі Т.Жолдибеков шебер сынып өткізді.
«Жапсырмалау өнері.Жыл мезгілдерін жасау», «Дымқыл техникада сурет салу», «Аралас техникада натюрморт салу» тақырыптарында басқа мектептегі әріптестеріміз шебер сыныптар көрсетті
Қалалық семинардың өту барысы бойынша кері байланысты көрсетілген QR кодтар бойынша Падлет бағдарламасына кіріп, семинардан алған әсерлерімен қатысқан мұғалімдер өз ойларымен бөлісті.