Елордалық оқушылар 31 қаңтарға дейін онлайн оқуға көшірілді. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді. Сонымен қатар қаладағы эпидахуалдың нашарлауына байланысты білім орталықтары, ересектер мен балаларға арналған үйірмелер, балаларды дамыту орталықтарының қызметі онлайн форматқа көшірілді. Бұдан бөлек, індеттің таралуына жол бермеу мақсатында қаладағы қоғамдық көлік саны артады.12.01