Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау
2021 жыл Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы деп аталып, 03.03.2021 ж Ұлттық кітапханада Министрліктің ұйымдастыруымен мектептер арасындағы дарынды оқушылармен кездесу конференция өткізілді. 77 мектеп-гимназиясының ерекше дарынды оқушысы, Абайдың қарасөздерін толық жатқа білетін, бірнеше әдеби кітап шығармаларын толық оқып шыққан 7 г сынып оқушысы- Рымғалиева Малика зиялы қауыммен кездесуде болып қайтты. Жетекшісі Имакова Лаура Оспановна. ---