Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Хабарландыру

Мектептің мекен-Жайы

Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1  

Жүргізу бағыттары

Ел болашағының басты кепілі - жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселелерінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Біздің алдымыздағы әр бала — жеке тұлға. Олар бір-біріне ұқсамайтын, әрдайым жаңалық күтетін дарын иесі. Әр бала жүрегіндегі жаңашылдыққа деген құштарлықты тани білетін қазіргі заманауи ұстаз қандай?

ПЕДАГОГ КҮНДЕЛІГІНЕН
Ел болашағының басты кепілі - жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселелерінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Біздің алдымыздағы әр бала — жеке тұлға. Олар бір-біріне ұқсамайтын, әрдайым жаңалық күтетін дарын иесі. Әр бала жүрегіндегі жаңашылдыққа деген құштарлықты тани білетін қазіргі заманауи ұстаз қандай?
Бұл сұрақтың жауабының ауқымы өте кең. Дәл қазіргі кезде еліміздегі жағдайда ұстаздар қауымының алдында білім саласында болып жатқан жаңашылдықтардан хабардар болып, заманауи мұғалімдердің тәжірибесін пайдаланып, оқытудың түрлі тиімді әдіс- тәсілін дұрыс таңдап, оқушыларға сапалы әрі қолжетімді білім беру мақсаты тұр. Осы тұста мұғалім әр шәкіртіне психологиялық қолдау көрсетіп, ата-ана-бала-мұғалім болып үшжақты жұмыс жасап, ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін жан-жақты пайдалану керек. Іс-тәжірибеге көз жіберсек, кешегі күн бүгінгіге, бүгінгі күн ертеңгіге ұқсамайды.Ғылымның дамуы, білім мазмұнының өзгеруі, өмір талабы, оқушы талғамы үнемі өсуде. Білім мазмұны жаңартылып жатыр, оқушы өзіне қажетті білімді қашықтықтан да алуына елімізде бар мүмкіндік бар.
Біздің №77 мектеп-гимназиясы қашықтықтан оқыту бойынша жұмыс жасап жатыр. Мектебіміздің барлық мұғалімі оқыту барысында Daryn.online, Bilimland.kz , Kundelik.kz білім платформаларын тиімді пайдалануда. Осы тұста аталған платформалар қолдану өз нәтижесін беруде. Бұған жүргізіп отырған кері байланыс нәтижелері дәлел. Қашықтықтан оқытудың ,әрине, өз артықшылықтары мен кемшіліктері де бар. Бірақ, біз оның артықшылықтарын пайдаланып, кемшіл тұстарын ұстаздарымыздың кәсіби шеберлігінің арқасында толықтыруға жұмыс жасаудамыз. Мектеп ата-аналары да осы тұста балаларына жаңа форматта оқу материалын игеруге көмек беріп, мұғалім мен оқушы арасындағы байланыстың орнауына ықпал етіп, қажетті нәтижеге жету үшін өз көмектерін аямауда. Тек осылай, бірлесе жұмыс жасау арқылы біз оқу үрдісін дұрыс ұйымдастырып, балаларға қажетті білім мен құзіретін бере аламыз деп ойлаймын
Бекежанова Айдана Коргамбаевна
Нұр-Сұлтан қаласы №77 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі
#педагогкүнделігі
#бізбіргеміз
#қашықтықтаноқыту

14.04


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президентi

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

Мектеп директоры

СІЛТЕМЕЛЕР

astana

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

/