Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Хабарландыру

Мектептің мекен-Жайы

Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1  

Жүргізу бағыттары

№77 мектеп-гимназиясында 2019-2020 оқу жылының 3-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық» атты өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі өткізіліп жатыр.

         №77 мектеп-гимназиясында 2019-2020 оқу жылының 3-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық» атты өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі өткізіліп жатыр.

Онкүндіктің мақсаты: Оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту, пән мұғалімдерінің өзара іс-тәжірибе алмасуына жағдай жасау.

3 ақпан күні «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық» атты өзін-өзі тану пәнінің онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараның барысы «Өзін-өзі тану» пәнінің пайда болуына ықпал еткен Сара Алпысқызы Назарбаеваның еңбектері баяндалған бейнероликпен басталды.

Салтанатты жиын барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып мейірімділік, ізгілік тақырыбында өлең жыр жолдарын орындаса, 6 «Ә» сынып оқушысы Нартаев Абдутағат  құйқылжыта «Балбырауын» күйін орындады. Ал, 5 «Д» сынып оқушысы Қазиз Маржан «Желсіз түнде жарық ай» әнін домбырамен әуелете шырқады. Сонымен қатар, оқушылар өздерінің «Өзін-өзі тану» пәні бойынша алған білімдерін ортаға салып, өзін-өзі тану пәніндегі бес жалпы адамзаттық құндылықтар (ақиқат, сүйіспеншілік, ізгілік, дұрыс іс-әрекет, қиянат жасамау) негізінде жасалған «Бақытты жүрек» мозайкасын құрастырды.

Шараның соңында Абай Құнанбайұлының жиырмасыншы қара сөзі оқылып, оқушылар өздерінің  өзін-өзі тану пәніндегі сүйікті әндері «Бес құндылық» әнін топпен шырқады.








12.02


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президентi

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

Мектеп директоры

СІЛТЕМЕЛЕР

astana

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

/