Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Хабарландыру

Мектептің мекен-Жайы

Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1  

Жүргізу бағыттары

№ 77 мектеп- гимназия мектебінде «Жасампаздықтың-30 жылы» атты тақырыпта өткізілген

№ 77 мектеп- гимназия мектебінде «Жасампаздықтың-30 жылы» атты тақырыпта өткізілген

Тұңғыш Президент күніне арналған 

Жауаптылар: Искаков Н.М,Шапиева Г.Ш,Нығмет А

Қатысатын сыныптар: 9-10 сынып оқушылары 

Өтетін мерзімі: 29.11.2019 ж сағат 12.00

Өтетін орны: Акт залы

Мақсаты: 

  • Тақырыптың идеясын тереңінен ашу;
  • Елбасының өмірі мен қызмет жолдарына шолу жасай отырып, Елбасының мемлекеттік бағдарламаларды қабылдаудағы идеяларының маңыздылығын ашу; «Мәдени мұра», «Мәңгілік ел», «Болашаққа бағдар- Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры»
  • Оқушыларға Қ. Р-ның Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі – өнеге ету. Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге,елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.Оқушыларға өз ойын түйіндеп жеткізуге және көз қарастарымен, пікірлерін ортаға салу арқылы бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру;
  • Келген қонақтармен таныстыру:

  Бүгінгі іс- шараға арнайы келіп қатысып отырған қонағымыз- Дидарбеков Уалихан  Шарипович- «Болашақ»  бағдарламасының түлегі,2014 жылы  «Amsterdam» университетін бітірген, Назарбаев университетінің магистранты,қазіргі таңда   экономист-финансист болып жұмыс атқарады,инструктор- финансист КАЗГЮУ университетінде

Ашылу сөзі: 1 желтоқсан – Қазақстан   Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арнайы өткізіліп отырған іс – шараның алғашқы ашылу сөзін №77 мектеп- гимназиясының директоры Байменова  Гүлжамал  Пердебаевна ашып берді.

Пікір алмасу ережесі:

А) Орта мәдениетін сақтау, сөйлеу әдебін сақтау;

Ә )Ұтымды ой айту, деректердің нақтылығы және факті, мысалдар, деректерге сүйеніп сөйлеу;

Б)Өткен тарихты бүгінгі күнмен салыстырып, болашаққа деген көзқарастарын байланыстырып ой тұжырымдау.

1 – сұрақ: Мен Елбасы болсам

2- сұрақ: ҚР Тәуелсіздіктің 28 жылында жеткен жетістіктері мен мүмкіндіктері қандай болды?

Мұғалім: Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның
бүкіл әлемге танылуы,шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына
шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр
күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.
Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі Тұңғыш  президентіміз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  халыққа жасаған  30 жылдағы  еңбектері деп білеміз.

 

«Жасампаздықтың-30 жылы» атты тақырыпта өткізілген іс-шараға қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз! 

Бастауыш сынып оқушылары Елбасы кітапханасына экскурсия жасады.











29.11


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президентi

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

Мектеп директоры

СІЛТЕМЕЛЕР

astana

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

/