Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Хабарландыру

Мектептің мекен-Жайы

Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1  

Жүргізу бағыттары

«Жазу тарихы» мұражайына саяхат Қазіргі таңда егеменді еліміз көптеген жақсы нәтижелерге қол жеткізгені баршамызға мәлім. Саяси, экономикалық жағын айтпағанның өзінде ең бастысы адами құдылықтар мен ой-сана, жастарды тәрбиелеу, балаларымыздың бойына патриоттық рухты сіңіре отырып, рухани салаға үлкен мүмкіндік берудің қажеттілігін алға қойып отыр. Бұл, ұлтымыздың салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту дегенді білдіреді.

«Жазу тарихы» мұражайына саяхат

 

      Қазіргі таңда  егеменді еліміз көптеген  жақсы нәтижелерге қол жеткізгені баршамызға мәлім. Саяси, экономикалық жағын айтпағанның өзінде ең бастысы адами құдылықтар мен ой-сана, жастарды тәрбиелеу, балаларымыздың бойына патриоттық рухты сіңіре отырып,  рухани салаға үлкен мүмкіндік берудің қажеттілігін алға қойып отыр. Бұл, ұлтымыздың салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту дегенді білдіреді.    

       Осыған орай,      Жаңартылған білім беру аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде  эпиграфиялық мұражайға №77 мектеп –гимназиясының оқушыларына адамзат өркениет қазынасына өз үлестерін қосқан түркі халықтарының бай мұраларымен, ғасырлар тереңінде өздерінің ізгі ойларын ұсынған ұлы адамдардың еңбектерімен, тарихи жәдігерлермен таныстыру сабағын өткіздік. Оқушыларға басқа әлем халықтары сияқты қазақтар да бай, дамыған мәдени-ғылыми философиялық ойлары бар халық екенін ұғынуға көп көмегі тиді.

      Оқушылар Еуразия Ұлттық университеттегі түркі жазуы тарихы мұражайының жұмысымен  танысып, Еуразиялық кеңістіктегі түркі халықтары қолданған жазу үлгілері - әлемдік мәдениеттің аса құнды бай  мұраларына өте қызығушылық танытты. Мұражай қызметкерлері адамзаттың даму тарихында көшпелілер өркениетін қалыптастырып, «Мәңгі ел» идеясын ұсынған, қазір өзара тамырлас 26 тілде сөйлейтін түбі бір түркі жұрты да өзінің әлімсақтан бергі тарихында 16 жазу үлгісін қолданданғаны туралы деректерді таныстырды. Мұражайда  Моңғолиядан, Сианьнан, Алтай өлкелерінен әкелінген мұралар залында болып жазу тарихымен таныстырдық.

       Оқушылар көне түріктер жазу біздің жыл санауымыздан бұрынғы V-IV ғасырда алғаш рет түркі сөзі әріппен жазылып, тілдік жүйеміздің негізін қалағаны жайлы ақпаратты алып, өздерінің таңданыстарын жасыра алмады

       Оқушыларды тағы бір қызықтырған мәселе, мұражайдағы жәдігерлер жинақталып, сақталуы және зерттелуі болды. сондай-ақ ғылыми, жалпы білім беру, тәрбие және насихаттау мақсаттарында пайдаланылады.

       Жазу мұражайы тарих пәні  мұғалімдеріне осындағы жәдігерлерді оқу-әдістемелік ісінде пайдалануға жәрдемдеседі. Жазу мұражайы  оқушылардың болашақ бағдар алуына және тәлімдік маңызы зор.

 

                          Нұр-Сұлтан қаласы №77 мектеп-гимназиясының тарих

пәні мұғалімі Шапиева Гульдана Шарипбековна




04.11


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президентi

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

Мектеп директоры

СІЛТЕМЕЛЕР

astana

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

/