Нұр-Сұлтан қаласындағы №77 мектеп-гимназиясының пән мұғалімдеріне «Білім беруді жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбында оқыту семинары өткізілді
2019 жылдың 10 қазанында, Коуч, бірнеше авторлық әдістер мен оқыту әдіс-тәсілдерінің авторы, деңгейлік бағдарламалар мен бағдарламалардың мазмұнын жаңарту бойынша сертификатталған тренері, ПШО аға менеджері – А.Ж. Егизбаев және «№77 мектеп-гимназия» КММ, директордың инновация ісі жөніндегі орынбасары Қ.Ж. Тәжібаева мектептің ынтымақтастық және бірлескен әрекеттер негізінде Нұр-Сұлтан қаласындағы №77 мектеп-гимназиясының пән мұғалімдеріне «Білім беруді жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты – Мұғалімдердің критериалды бағалауды тиімді қолдану дағдыларын дамыту.
Семинар барысында мұғалімдер бағалау мәселесіне қатысты сұрақтарды талқылап, өзара тәжірибе алмасты.
11.10