Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1
Хаттама
«04» желтоқсан 2019 жыл
Күн тәртібінде:
Тыңдалды: 1-мәселе бойынша №77 мектеп-гимназияның директоры Г.П. Байменова сөз алып, ата-аналарға мәжілістің күн тәртібін таныстырды.
2018-2019 оқу жылының №77 мектеп-гимназиясының 1-11 сыныптарында 1281 оқушы 55 сынып жиынтығын құра отырып II тоқсан аяқтаса, ал даярлық тобына 32 бала оқып тәрбиеленуде. Мектеп-гимназия оқушыларының ортақ білім сапасы 78%, үздіктер саны 2-11 сынып аралығында 353 оқушыны құрайды. Мектебімізде ұйымдастырылып отырылған спорттық футбол, баскетбол, волейбол, хор, домбыра, би, шахмат, таетр үйірмелерінің биылғы жылғы жетістіктеріне шолу жасады. 2018-2019 оқу жылындағы олимпиадалар мен ғылыми жобалардың нәтижесіне тоқталып, оқушылардың жетістіктерін атап өтті. Болашақта мамандандырылған мектеп даярлауды жоспарлауын, бос алаңдарды тиімді пайдалану, кабинеттерді заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарымен бөлісті.
Мектеп-гимназияның даму жоспары бойынша оқу-тәрбие процесі жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын айтты.
2-мәселе бойынша 2018 ж. бюджеттің қайда жұмсалғаны туралы есепке тоқталып, толық ақпарат берілді. 2019 ж. Республикадан бөлінген қаржыға жасалған жоспарымен бөлісті. Ата-аналар тарапынан мектебімізде әр оқушының жеке сөрелері болса деген ұсыныстар айтылды.
3-мәселе бойынша ата-аналарға асхананың жұмыс жасау тәртібі мен уақыты және асхананың ас мәзірі туралы мәлімет берді. 2019 ж. тамақ құрамы мен түрлері эксперимент нәтижесінде өзгеріске ұшырауы мүмкін екендігін ескертті.
4-мәселе бойынша балалардың сабаққа келген, кеткен уақыты туралы ақпарат берілетін құрылғы орнатылғаны туралы айтты. Қаражатқа байланысты ұсыныстардың қаралатынын мәлімдеді.
5-мәселе бойынша қамқоршылық кеңестің мүшелерімен таныстырып өтті. Қамшоршылық кеңестің төрайымы Бижанов Абылайхан алдағы жоспармен бөлісе келе қамқоршылық кеңесінің жұмастарына сараптама жасады.
Шешім
Хатшы: Жәнібекова Г.А.
18.01