Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Хабарландыру

Мектептің мекен-Жайы

Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1  

Жүргізу бағыттары

Жаңашыл жас маман.

 Қаңтардың 9-ы күні Астана қаласы № 77 мектеп – гимназиясында жас мамандарған арналған семинар өтті. Семинар барысында жас мамандар жетекшісі Амзина Канат Жадигеровна жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктеріне тоқтала келе жас мамандармен ұзақ, орта және қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүзеге асыру барысындағы кейбір сұрақтарды талдады.

Жаңартылған білім беру мазмұнының  маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасауды тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдері туралы жас мамандармен пікірлесті. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі туралы да айтылды.  Спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді.             

Сабаққа қойылатын мақсаттарды зерделей отырып тапсырмаларды, сабақтарды құрастыру барысы талқыланды. Бағалау жүйесіндегі өзгерістерге шолу жасалды. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналасуға ықыласын туғызатындығы туралы ортақ пікірлер айтылды. Жас мамандар сабақ жоспарын құруда кездесетін қиындықтары және жетістіктерімен бөлісті.

 

18.01


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президентi

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

Мектеп директоры

СІЛТЕМЕЛЕР

astana

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

/