Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Хабарландыру

Мектептің мекен-Жайы

Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1  

Жүргізу бағыттары

« Қазақтың тілін өнерімен асқақтатқан »

22 қыркүйек  күні  Тілдер мерекесі қарсаңында   « Қазақтың  тілін өнерімен асқақтатқан  » атты тақырыпта  №77 мектеп –гимназиясында   іс –шара өтті. Іс –шарада  Қазақстан  Республикасының  дәстүрлі әншісі, өнертанушы   Клара Төленбаева және  танымал  ақын, талантты  тележүргізуші Назира Бердалымен кездесу өтті.  Клара   мен Назира ханым  тіліміз,  ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс десе, мектеп  -гимназия директоры Байменова Гүлжамал  Пердебайқызы оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу  керек екендігін тағы да бір тілге тиек етті. Өнерге құмар адам өз дәстүрін, салтын, тілін, сүйе біледі. Келген қонақтарымыз әннен, жырдан шашу шашты, оқушылар ойында жүрген сұрақтарға жауап алынды. Осындай тамаша кездесуді ұймдастырған қазақ тілі пән бірлестігінің ӘБ жетекшісі Имакова Лаура Оспанқызы, Қожагельдиева Лаура Амангелдіқызы, Айтжанова Сауле Ашимханқызына, Жумағали Динара  Өркенқызына ұжым атынан алғыс білдіреміз! 

28.09


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президентi

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

Мектеп директоры

СІЛТЕМЕЛЕР

astana

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

/