Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Хабарландыру

Мектептің мекен-Жайы

Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1  

Жүргізу бағыттары

« Біз өнерлі отбасымыз »

 

       Астана қаласы  №77 мектеп –гимназиясында  Республикалық  Отбасы апталығы аясында 09.09.2017 күні 4 сынып ата- аналарымен біріккен   « Біз өнерлі отбасымыз » атты отбасылық сайыс  өтті. Мақсаты:  Отбасы Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, отбасындағы әке мен ананың, баланың рөлін айқындау,  ата-ананы сыйлауға  қадірлеуге,татулыққа тәрбиелеу, оқушылардың өз ортасына деген мейірімділік  сезімін ояту,олардың ой-өрісін дамыту, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақты нығайту, бірлікке шақыру.



  Сайысқа  түскен ата- аналар «Сәлем- сөздің анасы»  әр топ өздерін таныстыруы, .«Біз өнерлі отбасы»  отбасы мүшелері өз өнерлерін ортаға  салуы, «Шебердің қолы ортақ» ата-ана мен баланың  қолөнері, «Мақал- мәтел сөз мәйегі»  мақал –мәтелдер сайысы, «Отбасы жарасылымдылығы үшін керекті, әдеттер »  психологиялық тренингтер бойынша   сайысқа түсті. Сайыс кезінде ата- аналар , балаларымен бірігіп ән айтып, би билеп, сурет салып, колөнер жасап, мектеп сахнасында тұрып өнерлерін паш етті. Жеңіске жетіп 1 орынды алған  4 «В» сынып  «Каженовтар  отбасы », сынып жетекшісі Ермухаметова  Жанар  Закарьяновна, 2 орынға 4 «Б» сыныбы «Зейдуллаевтар отбасы » , сынып жетекшісі  Абдиева Айжан  Сапарбекқызы және  3 орынды 4 «А» сыныбы «Ибатуллиндер  отбасы » , сынып жетекшісі Кабышева Динара  Сайлаубекқызы иеленді.  Ұстаздарымыз бен ата- аналарға «Жұмыла  көтерген  жүк жеңіл »- дегендей  мықты бірлікте болуларыңызды тілейміз!




08.09


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президентi

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

Мектеп директоры

СІЛТЕМЕЛЕР

astana

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

/