Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Хабарландыру

Мектептің мекен-Жайы

Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1  

Жүргізу бағыттары

Кітапхана

№77  мектеп-гимназиясы  кітапханасының 2021-2022 оқу жылының қыркүйек , қазан, қараша  желтоқсан айларында өткізілген іс-шаралары
Мектеп кітапханасы

 

Мектеп кітапханасында 36700 кітап қоры бар, соның ішінде 2300 дана   көркем әдебиет. Жаңа буын мектеп оқулықтары, әдістемелік нұсқаулар, электрондық оқулықтар да бар. Кітап қоры сұранысқа сай жаңа кітаптармен толыктырылып тұрады. Мерзімдік басылымдар: республикалық, облыстық газеттер мен журналдарды жаздырып алады.

Кітапхананың негізгі міндеті – білімділік, ақпараттық, мәдениеттік. Кітапхана  пән мұғалімдермен тығыз байланыста. Әр түрлі мектеп іс-шаралар өткізу барысында: олимпиада,  ғылыми конференция,  ашық сабақ, семинар, педкеңес, әдістемелік отырыс,  жан-жақты тәрбие жұмысы, сынып сағаты болсын керекті материал таңдаған кезде кітапханадан үнемі көмек алуға болады. Тәрбиелік жұмысының негізгі бағытында  керекті әдебиет, газет және журнал мақалалар табуға жетекшілік етеді. Қазақстан, Астана және басқа аймақтар тарихы, өлкетану, мәдениет, ғылым, өнер  тақырыптарына арналған жинақталған және жүйелген ақпараттық материал,анықтамалық басылымдар өте мол және бай. Жыл сайын педагогикалық отырыста пән мұғалімдермен біріге отырып оқушыларды  оқулықтармен қамтамасыз  ету, кітап  қорын сақтау туралы мәселе қарастырылады. Сонымен қатар мектеп кітапханасында30 орындық оқу залы бар. Оқу залы қазіргі заманға сай безендірілген. Мектеп кітапханасы оқырманның сұраныстарын толық қанағаттандыра алады. Кітап қорында жоқ материалдады, косымша іздену мақсатында интернет желісіне косылған.  Электоронды ақпараттану каркынды дамыған кезенде, кітап қоры электрондыоқулықтармен  толықтырылып отырады. Электронды оқулықтарды әр мұғалім  сабаққа пайдалана алады, ал оқушыға пайдалануға информатика кабинетінде жағдай жасалған.

Мемлекет басшысы өз сөзінде кітап оқу арқылы әлемге деген қызығушылық мектеп қабырғасынан қалыптасуы тиіс екенін айрықша атап айтқаны баршаға белгілі. Бұл  тапсырманы орындау үшін “Оқуға құштар мектеп ” жобасы енгізілді. “Оқуға құштар мектеп” жобасы оқушылардың, мұғалімдердің кітапханашылардың, ата-аналардың арасында оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіруге, оқу мәдениетінің деңгейін арттыруға және оқуды насихаттауға бағытталған. Оқуға құштар жобасы аясында мектебімізде әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.

 « Кітапханаға кітап сыйла » акциясы ұйымдастырылды. Акцияға 2-11 сынып оқушыларымен ата аналар белесене қатысып 854 данаға жуық  кітап сыйлады. . Кітап оқуды қолдау және беделін арттыру мақсатында ата-аналарымыз үлкен үлес қосты рахмет.

 




Қазақстан Республикасының Президентi

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

Мектеп директоры

СІЛТЕМЕЛЕР

astana

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

/