Білім айнасындағы біздің мектеп
асың өрге домалап, атақ-даңққа ие болған сәтте қарапайымдылық пен адамдық жолдан айнымаған абзал. XXI ғасырда рухани қасиетті сақтау, адал жолдан айнымау – батырлық. Өкінішке қарай, жұмсақ орындыққа отыра сала шіренетін басшылары жоқ емес.
Алайда, көзі ашық, көкірегі ояу жанның әрқашан адамдық тұлғасы көпшіліктен ала бөтен, ерекше назарда болатыны анық. Осындай тұлғалардың бірі — Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясының директоры Искаков Нұрлан Мендібайұлы.
