Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1
Осы апта бойы 77 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушыларымен экосабақтар өткізілді. 4"Г" сыныбында "Мен өз қаламның ажырамас бөлігімін" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Оқушылар өз қалаларын жақсы көретіндігін,экологиялық жағдайына өз үлестерін қосатындықтарын және де қаламыздың кейбір проблемалық жағдайлары жайлы да өз пікірлерін ашық айта алды. Тәрбие сағатының соңы #САРЫҒА ЛАҚТЫР!!! челленджіне ұласты,яғни қолданылған пластик ыдыстар мен қағаз қалдықтарын арнайы сары түсті контейнерлерге лақтыру керектігін насихаттау мақсатында. Оқушылар үшін тәрбие сағатының мәні зор болғандай. Еліміздің болашағы - өсіп келе жатқан жас ұрпақтың қолында,сондықтан да осындай тәрбие беруден жалықпайық, ҰСТАЗДАР!