Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1
“Ұлттың қазығы да, қазынасы да - тіл”
Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.
Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Тіл – еліміздің іргетасы, «Ұлттың қуаты тілінде».
Тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша. Тіл – өлшеусіз қазына,«Тіл - тәуелсіздік тұғыры». №77 мектеп-гимназиясы ұлттық мектеп болғандықтан, тілдерді оқушының бойына ұлттық рухты сіңіре отырып оқытамыз. Мектебімізде тілге ерекше назар аударылады. Көптеген қазақ халқының асыл мұраларын яғни, кітаптарды оқыта отырып оқушылардың білімін бәсекеге қәбілетті етіп шығару біздің басты міндетіміз