Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1
«Адал ұрпақ »
ерікті клубындағы атқарылған іс- шаралардың анықтамасы
№ 77 мектеп-гимназиясында «Адал ұрпақ » еріктілер клубы құрылды. Құрамында 15 оқушы қатыстырылды. Барлығы мектептің қоғамдық жұмыстарға белсене қатысушы оқушылары. Аталған тақырыпқа 1-11 сынып оқушылары арасында жоспар жасалынды. Жоспарға бастауыштар бойынша «Біз неге құқылымыз?» тақырыбында сыныптық тәрбие сағаты , «Мен және менің құқығым» тақырыбында эссе жазу, «Әр адам өз құқығын білуі міндетті » тақырыбында саптық жиын, сурет салудан байқау өткізілді. Жауапты пән мұғалімдері Байсалова Г, Аймағамбетова М.КАл, 5-11 сынып оқушылары арасында «жемқорлық құқық бұзушылардың қартасы» тақырыбында 9-10 сынып оқушылары арасында жоба байқауы болса, 5- 8 сыныптар арасында «Мемлекеттік қызмет - елдің мүддесіне адал еңбек» тақырыбында эссе жазды. Бұл байқауда жетекшілік еткен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Л.Имакова, Алдашева Н.С болса, «Қазақстан – құқықтық мемлекет», «Қоғамдағы тәртіп негіздері » тақырыбында 9-11 сынып оқушылары арасында пікірталас өтті. Пікірталас қызу талқыланды. Әр оқушының деңгейіне, дайындығына қарай мадақтамалар берілді. Жетекшілік еткен тарих пәні мұғалімі Искаков Н.М.