Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1
Табиғат –күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы ,алтын ұя бесігі,құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше.Күз адам баласына молшылық,береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да,адамдар күзді берекелі күз,алтын күз деп баға береді.Алтын дейтін себебі ,біріншіден,айналаның бәрі сап-сары түске боялады,екіншіден алтын байлықтың белгісі.Күзде егінді жинап алатын болған ата –бабаларымыз «сабан той» өткізіп,күз берекесін тойлап отырса,әрбір мектепте осы күз мерекесін тойлау,кештер өткізу дәстүрге айналған, Сол дәстүрлі «Алтын күз» мерекесі №77 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып оқушылары арасында сайыс түрінде өткізілді. Байқау жеңімпазы болып «Күз ханзадасы мен ханшайымы « болып 2»Ж» сынып оқушылары Жанаберген Асмет пен Төрехан Насима деп танылды.