Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1
Астана қаласы 77 мектеп-гимназиясы - елімізде латын əліпбиі негізінде қазақ əліпбиін жалпыхалықтық қолданысқа енгізуді қолдаған алғашқы білім ордаларының бірі. Үстіміздегі жылы мектеп латын әліпбиін қолдануға үйрету мақсатында 5 сыныптарда "Латын əліпбиі" факультативтік сабақтарында енгізген. Бүгін 5 "б" сыныбында латын әліпбиі бойынша мектеп жаттықтырушысы қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Л.О.Имакова "Latyn alipbii: "Jangyry jazydan bastalady" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта әріптен бастап сөздер құрау, сөйлем құрау, одан мəтін құрап, тұжырымды ой шығару түрлі əдістермен жүзеге асырылды. Сабақ барысында оқушылардың АКТ құзыреттіліктерін көрсететін 3D форматтағы оқулықпен жұмыс жасалды.Оқушылар өздеріне берілген барлық тапсырмаларды асқан қызығушылықпен орындады. Бұған дейін де 5 - сыныптар арасында латын əліпбиі бойынша "Жаңа жазудың көшбасшылары" сайысын "Əліпби: кеше, бүгін, ертең " тақырыбында ашық сабақтар өтті.