Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Хабарландыру

Мектептің мекен-Жайы

Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1  

Жүргізу бағыттары

Психологиялық қызмет

Астана қаласы 2015-2016 оқу жылыңдағы № 77 мектеп-гимназиясының «Қамқорлық» ақциясы бойынша істелген жұмыс туралы есебі.

Астана қаласы 2015-2016 оқу жылыңдағы № 77 мектеп-гимназиясының «Қамқорлық» ақциясы бойынша істелген жұмыс туралы есебі.

                                                    Анықтама

  Мектепте жоспар бойынша «Қайырымдылық акциясы» өткізілді. Бұл шараға барлық сыныптар өз үлесін қосып белсе қатысты.

 Елбасымыздың халыққа арналған «қазақстан -2030» жолдауын  жүзеге асыру, ҚР «Ата Заңының 30 бап»  талабына сай мектеп жасындағы балаларды оқумен қамтамасыз ету, аз қамтылған отбасылар балаларына, жетім балаларына көмек көрсету мақсатында № 77 мектеп-гимназиясы «Қамқорлық» қайырымдылық ақциясы бойынша жұмысын атқарды.

            Акция көлемінде мектепте «Қайырымдылық» апталығы жарияланды.  Акция туралы әр сыныпқа хабарланып, «Қамқорлық» акциясына мектебіміздің ата-аналарыда белсене атсалысты. Кейбіреулері киімдей, әр-түрлі тәттілер әкелінді, ал көпшілігі оқу-құралдармен, ойыншықтар, қызықты әдемі кітаптар әкелінді.

«Жүректен –жүрекке »

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің», — дейді дана халқымыз. Қамшының сабындай қысқа өмірде шама-шарқың келгенше аялы алақан мен жан жылуын аңсайтын жандарға қол ұшын бергенге не жетсін!Қайырымдылық деген әдемі қасиеттің бір әдемі үлгісі  ақпанның  12 жұлдызы  күні Астана қаласындағы « Балалар  үйі »мемлекеттік коммуналдық  мекемесіндегі балаларға  қайырымдылық акциясы бойынша Астана қаласындағы  № 77 мектеп –гимназиясының  ұжымы  барып қайтты.«Жүректен –жүрекке » атты қайырымдылық, қамқорлық акциясының негізгі мақсаты: жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту, мақсатында әлеуметтік жағынан қорғалмаған және күнкөрісі төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға материалдық көмек көрсету. Адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу - өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу, ол біздің мектебіміздегі алғы ұранымыз десек те болады.  Мектеп –гимназияны  басқарып отырған директорымыз Байменова  Гүлжамал Пердебайқызы  ұжымындағы ұстаздарына да , ата- аналарына, оқушыларына да ақ жүрегімен жаңы ашып, әрқашан көмек қолын созып отыруы бізге үлгі.  Қазақтың ұлы ақыны Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым » деген даналық сөзінде айтылғандай балалар үйіне барған оқушыларымыз   Мырзахан Айша, белсенді оқушыларымыз Баешов Ислам, Сакен Нұрбек,Сакен Гүлім, Жеңісбекова  Аружан және ата-аналарының,  қолдау көрсетіп, өз ризашылықтарын білдіртіп , бір сәтке қуанту, оларға көмек ретінде апарған оқу-құрал жабдықтарымен, киім- кешектерді,түрлі ойыншықтармен қатар ертегі әдеби кітаптар мен қолдан жасаған бұйымдар, тәттілер  тарту етілуі , оқушыларымыздың бойына мейрімділік сезімдерін арттыра түскендей.

Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма -
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,

Өршіл болма
Өскеніңді өшіресің.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа – дей отыра бүгінгі «Қайырымдылық» қамқорлық акциясының аясында Мектебімізде әлі де осындай игі істер жалғасын табады деп сенеміз.
Өскелең ұрпаққа берген білімімізбен тәрбиеміз, келешекте еліміздің өркендеп өсуі мен дамуына ықпал жасасын деп тілейміз!

.                        Қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды

Барлығы тегістей қатысты.Сонымен қатар ата-аналардын қолдау көрсетіп оқушылармен бірге балалар үйіне бірге барып ризашылықтарын білдіртіп,ата-ананын қамқорлығына зәру балаларды бір сәтке қуанту оларға көмек ретінде апарған оқу құрал жабдықтарымен киім кешектерді,түрлі ойыншықтармен қатар ертегі әдеби кітаптар мен қолдан жасаған бұйымдар тарту етілді
 

Оқу құрал жабдықтарымен қатар балаларға киім кешектермен ойыншықтарда табысталды.

  
 

 

 
 
 

 

 

Балалар үйінің тәрбиелнушілеріне арнайы апарған затарды табыстап беру сәті

                                      Бір қуанғаны балалардың қандай жақсы.

 

 

       Мектеп ұжымы демеушілік еткен, акцияға белсене ат салысқан ата-аналарға, оқушыларға алғыс білдірдік. Акциямызды «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген ұранмен жалғасын табатындығын барша мектеп ұжымы мен ата-аналарына және оқушыларға көрсеттік.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президентi

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

Мектеп директоры

СІЛТЕМЕЛЕР

astana

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

/