Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Хабарландыру

Мектептің мекен-Жайы

Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1  

Жүргізу бағыттары

Психологиялық қызмет

№ 77 мектеп-гимназиясының «Жылы жүрек-жомарт қол» атты қамқорлық ақциясы бойынша істелген жұмыс туралы есебі.

Астана қаласы 2017- 2018 оқу жылыңдағы 10 қантар 10 ақпан аралығында республикалық «Қамқорлық акциясының айлығы өткізілді.

 

№ 77 мектеп-гимназиясының «Жылы жүрек-жомарт қол» атты қамқорлық ақциясы бойынша істелген жұмыс туралы есебі.

 

Анықтама

№ 77 мектеп-гимназиясында жоспар бойынша «Жылы жүрек-жомарт қол»атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Оқушылардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, оқушыларды бауырымдылыққа, кішіпейілділікке баулу  мақсатында өткен іс-шараға барлық сыныптар белсене қатысып  өз үлесітерін қосып жармеңке ұйымдастырылды.

 Елбасымыздың халыққа арналған «Қазақстан -2030» жолдауын  жүзеге асыру, ҚР «Ата Заңының 30 бап»  талабына сай мектеп жасындағы балаларды оқумен қамтамасыз ету, аз қамтылған отбасылар балаларына, жетім балаларына көмек көрсету мақсатында

№ 77 мектеп-гимназиясы «Қамқорлық» қайырымдылық ақциясы бойынша жұмысын атқарды.

            Акция көлемінде мектепте «Жылы жүрек-жомар қол» атты қайырымдылық апталығы жарияланды.  Акция туралы әр сыныпқа хабарланып, «Қамқорлық» акциясына мектебіміздің ата-аналарыда белсене атсалысты. Кейбіреулері киімдей, ал көпшілігі оқу-құралдармен, ойыншықтар, қызықты әдемі кітаптар әкелінді. Ата –аналар тарапынан жағдайы төмен отбасыларға қаржылай, заттай демеушілік жасалынды. Қол бұйымдарын, құрал-жабдықтарды, киімдерді, спорттық тауарларды оқушылар сынып жетекшілери мен бирге  өздері мектепшілік жармеңкеде сатты. Азық –түлік пен демеушілік  көмек көрсеткен ИП «Сафронова».   «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің», — дейді дана халқымыз. Қамшының сабындай қысқа өмірде шама-шарқың келгенше аялы алақан мен жан жылуын аңсайтын жандарға қол ұшын бергенге не жетсін!Қайырымдылық деген әдемі қасиеттің бір әдемі үлгісі..«Жылы жүрек –жомарт қол» атты қайырымдылық, қамқорлық акциясының негізгі мақсаты: жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту, мақсатында әлеуметтік жағынан қорғалмаған және күнкөрісі төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға материалдық көмек көрсету.        Жағдайы төмен, көп балалы 11 отбасына көмек көрсетилди: ақшадай, азық-түлік пен және оқу құралдарымен.  Адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу - өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу, ол біздің мектебіміздегі алғы ұранымыз десек те болады.  Мектеп –гимназияны  басқарып отырған директорымыз Байменова  Гүлжамал Пердебайқызы  ұжымындағы ұстаздарына да , ата- аналарына, оқушыларына да ақ жүрегімен жаңы ашып, әрқашан көмек қолын созып отыруы бізге үлгі.  Қазақтың ұлы ақыны Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым » деген даналық сөзінде айтылғандай.  Бүгінгі «Қайырымдылық» қамқорлық акциясының аясында мектебімізде әлі де осындайигі істер жалғасын табады деп сенеміз. Өскелең ұрпаққа берген білімімізбен тәрбиеміз, келешекте еліміздің өркендеп өсуі мен дамуына ықпал жасасын деп тілейміз.
     

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президентi

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

Мектеп директоры

СІЛТЕМЕЛЕР

astana

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

/