Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Хабарландыру

Мектептің мекен-Жайы

Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1  

Жүргізу бағыттары

Психологиялық қызмет

Хаттама

Хаттама

                                                                                       «04» желтоқсан 2019 жыл

 

Күн тәртібінде:

  1. Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру жұмыстарының қорытындысы
  2. 2019 жылға арналған бюджеттің атқарылуы және бюджет қаражатын бөлу туралы есебі
  3. Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру
  4. Мектеп қаражатын пайдалану туралы есебі
  5. Қамқоршылық кеңесінің жұмыстарына сараптама

 

Тыңдалды:   1-мәселе бойынша №77 мектеп-гимназияның директоры       Г.П. Байменова  сөз алып, ата-аналарға мәжілістің күн тәртібін таныстырды.

2018-2019 оқу жылының №77 мектеп-гимназиясының 1-11 сыныптарында 1281 оқушы 55 сынып жиынтығын құра отырып II тоқсан аяқтаса, ал даярлық тобына 32 бала оқып тәрбиеленуде. Мектеп-гимназия оқушыларының ортақ білім сапасы 78%, үздіктер саны 2-11 сынып аралығында 353 оқушыны құрайды.  Мектебімізде ұйымдастырылып отырылған спорттық футбол, баскетбол, волейбол, хор, домбыра, би, шахмат, таетр үйірмелерінің биылғы жылғы жетістіктеріне шолу жасады.  2018-2019 оқу жылындағы олимпиадалар мен ғылыми жобалардың нәтижесіне тоқталып, оқушылардың жетістіктерін  атап өтті. Болашақта мамандандырылған мектеп даярлауды жоспарлауын, бос алаңдарды тиімді пайдалану, кабинеттерді заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарымен бөлісті.

Мектеп-гимназияның даму жоспары бойынша оқу-тәрбие процесі жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын айтты.

2-мәселе бойынша 2018 ж. бюджеттің қайда жұмсалғаны туралы есепке тоқталып, толық ақпарат берілді.  2019 ж. Республикадан бөлінген қаржыға жасалған жоспарымен бөлісті. Ата-аналар тарапынан мектебімізде әр  оқушының жеке  сөрелері  болса деген ұсыныстар айтылды.

3-мәселе бойынша  ата-аналарға асхананың жұмыс жасау тәртібі мен уақыты  және асхананың ас мәзірі туралы мәлімет берді. 2019 ж. тамақ құрамы мен түрлері эксперимент нәтижесінде өзгеріске ұшырауы мүмкін екендігін ескертті.

4-мәселе бойынша  балалардың сабаққа келген, кеткен уақыты туралы ақпарат берілетін құрылғы орнатылғаны туралы айтты. Қаражатқа байланысты ұсыныстардың қаралатынын мәлімдеді.

5-мәселе бойынша  қамқоршылық кеңестің мүшелерімен таныстырып өтті. Қамшоршылық кеңестің төрайымы Бижанов Абылайхан алдағы жоспармен бөлісе келе қамқоршылық кеңесінің жұмастарына сараптама жасады.

 

Шешім

  1. Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру  негізге алынсын.
  2. 2019 жылға арналған бюджеттің қаражатын жұмсауда ата-ана  тарапынан жасалған ұсыныстар негізге алынсын.
  3. Оқушылардың тамақтану жүйесі ұйымдастырылсын.
  4. Мектеп қаражатын пайдалануға байланысты ұсыныстар қарастырылсын.
  5. Қамқоршылық кеңестің жұмыстары жүзеге асырылсын.

 

 

 

Хатшы:      Жәнібекова Г.А.

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президентi

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

Мектеп директоры

СІЛТЕМЕЛЕР

astana

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

/