Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1
Сөз әлемінде әр ақынның қанында
Қалықтаған қара өлең қанатында
Сүрлеуін сөзбен салған Мұхтар атам
Қазақ жазушылығында дара тұлға
Құлаш сермеп ғылым менен ілімге,
Жырлап өттің жалпы жұрттың тілінде
Ата сенің мұхиттай мұратыңмен,
Мен сусындап келемін бүгінде,
Әр жазғаның терең білімге бай
Тағылым алмайсың бұдан қалай?
Тамыры терең жайған Мұхтар ата тілінде,
Менің халқым сөйлесінші.. шұбарламай..
Көгімізден нұрын төгіп азат күн,
Отанымыз күнін кешіп ғажаптың
Әр сөзінен ұғынасың ұлықтың
Ұлы Мұхтар жасай берсін қазақтың!
Мақаш Ақерке 10 сынып
28 қыркүйек заңғар жазушы- Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туған күніне орай,Астана Тілдер дамыту басқармасы 15 мектеп арасында ұйымдастырған фестивальға №77 мектеп-гимназия ұжымы қатысып, жазушы шығармаларынан салынған сурет көрме ұйымдастырды.Мектеп оқушысы Мақаш Ақерке Мұхтар атама арнау оқып Қазақстан телеарнасына сұхбатын берді.Осыған орай мектеп көркем -еңбек пәні мұғалімі-Байстенова А.Б мен қазақ тілі мұғалімдеріне алғыс айтамыз