Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1
Бүгін, қыркүйек айының 13 – ші жұлдызында «Отбасы – бақыт мекені» апталығының жоспарына сәйкес 9- шы сыныптар аралығында «МЕН ОТБАСЫМДЫ ЖАҚСЫ КӨРЕМІН» атты сайыс өткізілді.
Сайыстың мақсаты – жақын адамдарына пайда келтіру мен өмір сүру қажеттіліктерін қалыптастыру.
Сайысқа 9 «А», 9 «Ә», 9 «Б» сыныптарынан арнайы бір – бір топтан құрылып додаға түсті. Сайыстың бірінші кезеңінде әрбір топ (топ атауы, ұранын) айтып өздерін таныстырды.
Екінші кезеңде әрбір топқа кезекпен - кезек сұрақтар үлестірілді. Сайыстың үшінші кезеңінде «Тығырықтан шығу» тақырыбында жағдаяттық сұрақтар қойылып, оқушылардың қаншалықты тығырықтан шыға алатындықтары сыналды. Сайыс соңында топтар мадақтау қағаздарымен мараптатталды.