15 мамыр жалпыұлттық ата- аналар жиналысы.
15 мамыр күні Астана қаласы №77 мектеп –гимназиясында Жалпыұлттық ата- аналар жиналысы өтті. Барлық сыныптың ата аналарымен бірге мектеп- гимназия – директоры Байменова Гүлжамал Пердебайқызы , Астана қаласы «Астана Дарыны» орталығының басшысы Құрманбаева Майра Жаноразқызы және Астана қаласының «20 есім» жобасының иегері мұнаралы краннын маманы Алимова Алмагуль Тулегенқызы және «Ақсақалдар алқасының» төрайымы Мельдебек Ғалия Батырбекқызы, «Қамқоршылық кеңесінің» мүшесі Бижанов Абылайхан Амантайұлы қатысты.
Ата-аналар жиналысының көздеген басты мақсаты; әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру, сондай-ақ білім беру мазмұнын жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатты талқылауға ата-аналар қауымын кірістіру.
Негізінде мектептегі тәрбие жұмысы нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналар мен мектептің бірлескен әрекетінде екені белгілі. Ата- аналар жиналысы жоғары деңгейде өтті. Соңынан мектеп жетістіктерінен «Шаттық» қалалық байқауының алтын, күміс медаль иегерлерінің өнерін тамашалады.