Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Хабарландыру

Мектептің мекен-Жайы

Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1  

Жүргізу бағыттары

Психологиялық қызмет

Кадет сыныбы

14 желтоқсан  2017 жылы Астана қаласының  №77 мектеп –гимназиясында «Мәңгілік ел сарбаздары» атты тақырыпта «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ,Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына, Астана қаласының 20 жылдығына  және  қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбие бағыты бойынша  патриоттық іс-шара өтті. Іс шарада өзгерістерде қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық  құндылықтарымызды  қастерлейтін  рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды  көздейтін  Кадет сыныптары қатарына 9 «Б» сынып оқушыларын  қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға Генерал-майор -Дюкенов Амангельды Резуанович, Астана қаласы білім басқармасының Алғашқы әскери дайындық бөлімінің әдіскері - Шарыпов Сергей Қасымұлы, Астана қаласы Қорғаныс істері департаментінің басшысы Артыков Ғани Асылбекович және 20 мектептен АӘД жетекшілерімен бірге бес кадет сынып оқушылары, ата- аналар қонақта болды. Салтанатты жиын ант берумен , оқушылардың дефилесімен , концерттік бағдарламасымен жалғасты. Келген қонақтар оқушыларымызға көк байрағы желбіреген, бүгінгідей  абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігімен құттықтап, ақ тілектерін айтты. Оқушыларымызың көздерінен қуаныштың белгісі қатты байқалып тұрды. АӘД жетекшісі Әміржан Алдан Сабырұлыныңжас жеткіншектерді тәрбиелеудегі жұмысына толағай табыс тілейміз!


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президентi

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

Мектеп директоры

СІЛТЕМЕЛЕР

astana

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

/