Рухани жаңғыру – өскелең ұрпақтың дара жолы
2017 жылдың 9 қараша күні №77 мектеп –гимназиясында ана тілін құрметтеуге баулу, ұлттық рухты көтеру, ақын шығармашылығы арқылы әдебиетке қызығушылығын арттыру мақсатында 5-11 сынып аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының ашылу салтанаты болып өтті. Салтанатты кешке қазақтың айтыскер ақыны, « Алтын домбыра» иегері Бұлғақов Жандарбек Айтақынұлы келіп, оқушылармен өз шығармашылығымен бөлісті. Қазақтың айтыс өнерін, сөз мәдениетін дамыту мақсатында Ақындар мектебінің тұсаукесер рәсімі жасалды.