Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1
10.01.2018 ж күні денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағза қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру мақсатында 1- 4 сыныптар арасында тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Мукатова және мектеп медбикесі Г.К.Тамабаеваның ұйымдастыруымен «Таза қол –денсаулық кепілі» тақырыбында акция өтті.
Оқушыларды білімділікке, салауаттылыққа өмір сүруге баулу. Оқушылардың өз ойларын айта білуі, өздері ой - түйін жасай білу дағдыларын дамыту. Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл - күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» дегендей оқушыларымыз тамақ ишпестен бұрын қол жуу керек, даладан уйге кірген бетте міндетті түрде қол жуу керек екендіктерінің маңызын түсіне бастады. Мектеп медбикесі Г.К.Тамабаева оқушыларға қолдың тазалығы жедел ішек ауруларын, аурухана ішілік аурулардың алдына алу адамдар өмірі үшін маңыздылығын, жұқпалы ауруларды тазалық сақтау арқылы да алдына алуға болатындылығы түсіндіріп өтті. Акцияда оқушылар «Таза қол – денсаулық кепілі» екенін жұмбақ шешу арқылы да үйрене бастады. Балаларды таза жүруге үйрету, тазалыққа баулу. Ұқыптылыққа
жинақылыққа тәрбиелеу, сөздік қорларын дамыту мақсатында өткізген іс –шара өз деңгейінде өтті.