Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1
08.11.2017 ж күні «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты акция ұйымдастырылды. Акцияға 7-10 сыныптар аралығында оқушылар ат салысып, Нашақорлық адам өмірін зиян екенін түсіндіріп,өміріміз өз қолымызда деген ұранмен қолдарына жазылған плакаттар ұстап мектеп ішінде іс шара жүргізді.Акцияны биология пәні Ж.Х.Жетпісбаева ұйымдстырды.Бүгінгі «НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!» атты акциялық іс – шарамыздың ұйымдастырылу себебі нашақорлықтың адам өміріне тигізер залалы жайында оқушыларға түсіндіре отырып,салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Қазіргі күнде ХХІ ғасырдың дертіне айналған, бүгінгі таңның өзекті мәселесі ЖҚТБ мен нашақорлыққа бүгінгі күні бүкіл әлем қарсы күресуде. Сонау Батыс елдерінен Азияға жетіп, Қазақстан жеріне де қадам басқан ЖҚТБ ауруы мен есірткі дерті талай адамның, әсіресе жастардың өмірін алды. Адамзатты толғандыратын, өмір сүруіне қауіп - қатер әкелетін біздің заманымызда ХХІ ғасырдың дертіне қарсы тұрып, нашақорлықпен ЖҚТБ ауруын болдырмау үшін күресте жеңіп шығу – Қазақстанның жас өрендері – біздің парызымыз. Жастардың жастығын сақтайтын, ата-ананың үмітін еш күдіксіз ақтауға кезектен тыс кедергі келтіретін есірткі, ішімдік сияқты санамызды улап, еңсемізді түсіретін қылықтардан аулақ болуға қашанда біз атсалысып мектебіміздің оқушыларын жақсы жағынан тәрбие беруге шақырады.