2016 -2017 оқу жылындағы тәрбие саласы бойынша атқарылған жұмыстар
«Тәрбие – тал бесіктен » №77 мектеп-гимназияның 2015-2016 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жылдық жоспары 8 бағыттан құрылып, бекітілді. Жоспарға сай іс-шаралар өз деңгейінде өткізіліп отырды. Ұлы ғалым Әбу Насыр Әл-фараби «Адамға ең бірінші – білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас-жауы. Ал келешекте оның барлық өмірін апат етеді» -дегендей, мектеп-лицей ұжымының негізгі мақсаттарының бірі – оқушыларға сапалы білімнен бұрын саналы тәрбие беруді басты назарда ұстау. Жас ұрпақ бойында еліне, туған жеріне деген патриоттық сезім, ұлттық игіліктер мен халқының мәдени мұрасы арасындағы сабақтастықты сақтай отырып, әлеуметтік өмірге бейімделген және өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға дайын, сол сияқты өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғыда жауапты шешімдер қабылдай алатын, дені сау, рухани бай, мәдениетті тұлға қалыптастыру мектеп-гимназиясының тәрбие жұмыстарының ең негізгі бағыты болып табылады.
Толығырақ >>